Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мәдени тәрбиемен қатар, студенттерді салауатты өмір салтына да бейімдеп қоғамдық өмірге белсенді түрде араластыруға бейімдейді. Нәтижеге жұмыс жасауды жолға қойған ұжымымыз да тағыда жақсы жаңалық. “Өзіңнен баста” атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіруден колледжіміздің 3 курс студенті Жильцова Оксана Васильевна қыздар арасында жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, колледжіміздің жас маманы денешынықтыру пәндерінің оқытушысы Кокенов Нуртлеу Нурболатұлы жүлделі үшінші орын иеленді. Спорттық байқауға бақ сынап жеңіс биігінен көрінген саңылақтарымызбен мақтанамыз! Жеңісті күндер көп болғай!

Бөлісу