Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Музыкалық пәндер оқытушысы (фортепиано сыныбы), оқыту мемлекеттік тілде
- Хореографиялық пәндер оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
- Демалыстану пәндері оқытушысы (МДҚ ұйымдастыру), оқыту мемлекеттік тілде
- Информатика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
- АӘД оқытушысы
- Сахна тілі оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
- Математика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
- Химия оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
- Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы
- Режиссура және актер шеберлігі оқытушысы
- Сахна қозғалысы және пластики оқытушысы
- Ағылшын тілі оқытушысы
- Экономика оқытушысы
- Дизайн пәндері оқытушысы
- Концертмейстер (фортепиано)
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
ҰБТ сертификаты;
Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.