Біздің колледжде ең перспективті мамандықтар бойынша даярлық , тамаша оқытушылар құрамы, ортаның бірегей сапасы, қолайлы психологиялық климат.
Талапкерлердің өтініштерін қабылдау 25 маусымнан басталды және күндізгі оқу нысаны бойынша шығармашылық мамандықтарға 20 шілдеге дейін негізгі орта білім беру базасында жүзеге асырылады. Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.
Сондай-ақ, колледж 11-сынып базасында «Әлеуметтік-мәдени қызмет» мамандығы бойынша «Әлеуметтік-мәдени қызметтің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша күндізгі оқу нысанына қабылдауды жүзеге асырады. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
ТжКБОБ ұйымында оқуға қабылдау жүзеге асырылады:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына -ағымдағы жылдың 25 маусымынан 20 шілдесіне дейін; қолданбалы бакалавриат (Әлеуметтік-мәдени қызмет)- 25 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу нысанына (кітапхана ісі) –25 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін.
Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай ақ АЖ арқылы қабылданады: (https://college.smartnation.kz/ ), 1 шілдеден бастап “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдау келесі құжаттар тізбесі негізінде жүзеге асырылады:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) өлшемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысанындағы медициналық анықтама; І және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке немесе заңды өкілдері ұсынады.

Құрметті талапкерлер, біздің колледждің есігі сіздер үшін ашық!

Бөлісу