Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Отырысты өткізу нысаны – семинар-практикум.
Тақырыбы: «Цифрлық білім беру ортасы оқыту сапасын арттырудың факторы ретінде».
Семинардың мақсаты: Инновациялық педагогикалық технологиялар саласындағы педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру; сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда цифрлық білім беру ортасының құралдарын қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру; тәжірибе алмасу; педагогтердің цифрлық мәдениетін арттыру.
Семинарда Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің шығармашылық пәндер оқытушылары білім беру үрдісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін және олардың білім беру сапасын жақсартуға әсерін талқылады. Жетекші цифрлық білім беру платформалары, олардың мүмкіндіктері мен оқытуда қолданылуы бойынша жалпы шолуды Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог – зерттеушісі Г. А. Мергунов ұсынды. 2 практикалық сабақ өткізілді.
1) «Scaffold карточкаларын қолдана отырып, цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша сабақты жоспарлау», Е. М. Журба, демалыстану пәндерінің оқытушысы. 2) «Мәдени-демалыс бағдарламаларын өткізу кезінде заманауи техникалық құралдарды қолдану» шеберлік сыныбы, Д.В.Бронников, педагог-зерттеуші,
Колледждің жетекші оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті: Б.А.Аминов, педагог-зерттеуші «Аспаптық сабақтарда компьютерлік бағдарламаларды қолдану»); Ю.А.Никитенко, , музыкатанушы-лектор «MuseScore музыкалық редакторын Композиция негіздері сабағында қолдану») ,
М.Ф.Даутова, педагог – сарапшы«Хортану сабағында LearningApps платформасын пайдалану»). Жас және перспективті оқытушы Ә. Ж. Дүзелбай «Музыка пәндерінде интербелсенді технологиялар негізінде студенттердің іскерлік дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында ойлаудың креативтілігін және шығармашылық, конструктивтілік тәсілін көрсетті.
Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Семинардың модераторы оқытушы, шығармашылық бағыттағы ӘБ төрайымы Сауле Ибраевна Ильясова болды.