2025 жылғы 26 ақпанда Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Ақмола облысы білім басқармасының «әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Ақмола облысы колледждерінің шығармашылық бағыттағы оқытушыларының ІІ отырысы өтті.
Тақырыбы: «Студенттердің танымдық қызметін белсендіру тәсілі ретінде цифрлық білім беру ресурстарының қолданылуымен сабақтың дәстүрлі емес нысандары»
Семинардың мақсаты: Шығармашылық пәндердің дәстүрлі емес сабақтарын ұйымдастыру үшін цифрлық білім беру ресурстарын (ЦБР) қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар жұмысына арнайы пәндер оқытушылары қатысты: Магзумова Г. Ә., Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ; Алаш А. С., Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі; Титовский Д. В., Степногорск қаласының жоғары колледжі ; Досмагамбетова А. К., Шаполаева А. М., Мухаева З. С. Байдракова Д. М.-Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі. Семинар модераторы: И.С., шығармашылық бағыттағы ӘБ төрайымы.