jjjjjjjjjjj

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2022.12.26 14:18:53

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Математика пәні оқытушы
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; педагогикалық этиканың негізгі нормаларын; еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
ҰБТ сертификаты;
Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

“Қызықты ағылшын тілі”

Құрылған күні: 2022.12.14 18:52:53

Бүгін 14.12.2022 ж.  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде ағылшын тілі оқытушысы С.В. Волевач гуманитарлық және кітапханалық пәндер онкүндігі аясында “Қызықты  ағылшын тілі” атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Байқауға 1 курс білім алушылары қатысты.

Студенттер лексика бойынша білімдерін көрсетіп, мақал – мәтелдердің мағынасын ашып, мәдениет және өнер тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берді.

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең

Құрылған күні: 2022.12.15 19:11:39

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттермен ғибратты отырыс жасап, тәуелсіздіктің қадірі туралы әңгіме өрбітіп, естеліктер айтып өлеңдер оқылып ән айтылып күй тартылды. Отырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып жастардың рухын көтеру мақсатында тарихий тұлғалардың өмірінен келтірілді. Колледж директоры Қ.Ғ Идрисова студенттерге жарқын болашақ тілеп, елді жерді сүюкеректігі туралы ізгі тілегімен, кеңесін айтты! Отырыс соңында 1986 жылғы тарихи трагедияның белгісіндей болған Әбиірбек Тінәлиевтың “Желтоқсан-желі” әні орындалды. Құрметті жерлестер, тәуелсіздігіміз мәңгі, баянды болсын.

“Лучший профориентационный проект”

Құрылған күні: 2022.12.15 15:36:44

По итогам V областного конкурса “Открываем мир профессии” среди общеобразовательных школ и организаций технического и профессионального, послесреднего образования, преподаватель нашего колледжа Журба Елена Михайловна заняла 1 место в номинации “Лучший профориентационный проект” ! Поздравляем!

Семинар методического объединения творческого направления

Құрылған күні: 2022.12.13 19:32:03

13 декабря  2022 года   на базе Высшего колледжа культуры им.Акана серэ г. Кокшетау был  проведен областной семинар  методического объединения творческого направления  по теме: «Личностно-ориентированный подход в обучении как средство гуманизации образовательного процесса»

Цель проведения семинара  :

-обсуждение эффективности личностно-ориентированного подхода и влияние его на качество обучения;

-обмен опытом по применению и внедрению в своей практике приемов и методов личностно-ориентированного подхода;

-повышение профессионального уровня и педагогической грамотности педагогов.

На семинаре присутствовали  преподаватели специальных дисциплин  колледжа культуры им.Акана серэ, музыкального   колледжа  им. Биржан сал, строительно-технологического  колледжа  г.Кокшетау.

С приветственным словом выступила методист колледжа культуры им.

им.Акана серэ, кандидат педагогических наук , Кушпаева Г.Б. Она дала

характеристику основных направлений деятельности колледжа.

Методист областного учебно-методического  кабинета Нурмаганбетова А. А.   рассказала о работе всех колледжей области, провела анализ достигнутых успехов и подчеркнула актуальность темы семинара.

Все участники семинара (Рыбакова Г. А, Мамбетова У.С. , Кочетова Г. Л., Жандаулетова Г. К., Афанасьева К. А. , Қойшыбаев Р. Е., Хасенова А.М.)  в своих докладах  поделились опытом своей работы по применению   в практике приемов и методов личностно-ориентированного подхода. Состоялся заинтересованный диалог по всем вопросам семинара.

Семинар прошел насыщенно и содержательно. Участники  продемонстрировали высокий уровень  методической подготовленности и творческой заинтересованности.

 

“Что? Где? Когда?”

Құрылған күні: 2022.12.11 11:00:39

В рамках Декады гуманитарных и библиотечных дисциплин педагогами были проведены открытые уроки по русскому языку на 1-м курсе.
Также состоялись внеклассные мероприятия в группах 1 ДИ, 1 ДО – интеллектуальная игра “Что? Где? Когда?” и викторина “Лингвист”. Обучающиеся приняли активное участие в мероприятиях.

Колледждегі пәндік олимпиада

Құрылған күні: 2022.12.10 10:56:39

Дарынды студенттердің қабілеттері мен мүдделерін анықтаудың, дамытудың жақсы құралы олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу конкурстарын өткізу болып табылады.

Сонымен, 9 желтоқсанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі базасында математика, химия және биология пәндерінен пәндік олимпиада өтті. Негізгі міндет – қабілетті студенттерді анықтау және іріктеу, сондай-ақ жекелеген пәндерді бейіндеу  және тереңдетіп зерттеу, олардың қабілеттерін жүзеге асыру, осы ғылымдарды оқуға деген ынтасын арттыру.

Колледжде бар барлық мамандықтардың 1 курс үздік студенттері қатысты. Олимпиада жұмыстарын колледждің сараптамалық комиссиясы тексерді. Сарапшылар объективті, ашық жұмыс істеді, олимпиада өткізілген күні осы пән бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Барлық пәндер бойынша орындар тапсырманың орындалу пайызына, яғни максималды ұпайлармен арақатынасқа байланысты бөлінді. I, II, III орындарды олимпиада тапсырмаларын 80% және одан да көп орындаған студенттер иеленді.

Олимпиада қорытындысы бойынша математикадан 1 орынды Асмира Әубәкірова –  «Драма театр әртісі» біліктілігі,  2 орынды Аружан Жұманалинова –  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі,  3 орынды Валерия Скутина –  «Интерьер дизайнері» біліктілігі иеленді. Химия пәні бойынша Нұрахметова Зере  – «Киім дизайнері» біліктілігі   1 орын, Анастасия Шефер – «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі   2 орын, Хакім Ақнұр –  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі  3 орын   иеленіп, тамаша білімдерін  көрсетті. Келесі білім алушылар биология саласындағы білімдерімен ерекшеленді: 1 орын – Салимова Камила –  «Интерьер дизайнері» біліктілігі , 2 орын Саакян Милана –  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының  режиссері» біліктілгі, 3 орын Мұстафина Эльнара –  «Интерьер дизайнер» біліктілігі.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына  сертификаттар табысталды. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«Тарихи мозаика»

Құрылған күні: 2022.12.09 18:17:07

08.12.2022 ж. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде гуманитарлық және кітапханалық  пәндер онкүндігі аясында сыныптан тыс іс-шара  «Тарихи мозаика» тарихи-танымдық ойыны өтті. Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы Г. Т. Тілеуғабылова және «Киім дизайны» мамандығы білім алушылары ұйымдастырды.

Ойынның сұрақтары көрікті орындарға, оқиғаларға және көрнекті тұлғаларға — билеушілерге, ғалымдарға, әскери басшыларға, мәдениет қайраткерлеріне арналып,  портреттермен және фотолармен суреттелді.

Іс-шара соңында қазылар алқасы қорытындылап, қатысушыларды марапаттады.

Ансамбль народного танца “Самоцветы” Высшего колледжа культуры им. Акана серэ принял участие в III Международном разножанровом конкурсе-фестивале «British Lion» (г.Астана), где представил свое мастерство на одной сцене с коллективами и солистами из различных регионов Казахстана

Құрылған күні: 2022.12.06 13:14:15

На суд жюри, в состав которого вошли заслуженные деятели искусства Казахстана и Великобритании, наш танцевальный коллектив представил Уральский пляс “Варенька”. Блестящее исполнение танца было отмечено несмолкающими аплодисментами зрителей, а члены жюри резюмировали: “…танцующие показали себя, как настоящие профессионалы, мы просто наслаждались танцем…”.
По итогам конкурса ансамбль народного танца “Самоцветы” выиграл Гран-при, кроме того студент колледжа Амирбеков Рустем был награжден дипломом Гран-при в категории “Соло”, а руководитель ансамбля Погорелый Андрей Иванович удостоен диплома “Лучшая балетмейстерская работа”.
Это заслуженная награда, ради которой было потрачено много сил, терпения и трудов. Ваше выступление было великолепным, вы в очередной раз доказали свое профессиональное мастерство! От души поздравляем танцевальный коллектив и руководителя и желаем не останавливаться на достигнутом! Колледж гордится вами! Мы знаем, что было сложно, трудно, но кто чувствует волю к победе, тот победит! Мы в вас верили и не сомневались ни на минуту! Пусть всегда горит энтузиазм в ваших глазах, и раскрываются возможности! Вперед, к новым победам!

 

«Сыбайлас жемқорлық мәселелері және оны шешу жолдары»

Құрылған күні: 2022.12.02 16:06:41

2022 жылғы 02 желтоқсанда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»  МКҚК-да  «Сыбайлас жемқорлық мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлық көріністерін бүкіл әлемдегі ең жойқын және күрделі проблемалардың бірі ретінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарының теріс құбылысы қоғамда моральдық-идеологиялық негіздердің қалыптасуына айтарлықтай әсер ететінін талқылады.

Бөлісу