jjjjjjjjjjj

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жұмыс беруші күні»

Құрылған күні: 2022.11.15 18:52:28

2022 жылғы 15 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жұмыс беруші күні» өтті.

Аталған іс-шараға Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының, жұмыс берушілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жоғары мәдениет колледжінің педагогикалық қызметкерлері және  студенттерінің серіктестермен, жұмыс берушілермен («Ақай» сән үйі (Ғ.С.Алдабергенова), «Светлана» ательесі (С.Н.Ехлакова), «Көкше Арнайы киім» ЖШС (Е.Г.Быданова), Ақмола облыстық орыс драма театры (Б.С.Бахтыгереев), Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Ш. Қалдаров), Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы (Н.Е.Шайкенова), «Достар» мәдениет сарайы (Е.А.Ауғанбаева), «Болашақ сарайы» (М.М.Қонқаев), «Дизайн Сити» , жарнама агенттігі, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасы, Көкшетау қаласының қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі) кездесуі өтті.

«Жұмыс беруші күнінің» басты мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылау болып табылады. Осыған сәйкес оқу-өндірістік оқыту шеңберінде «Ақай» сән үйінің басшысы Г.С. Алдабергеновамен және «Көкше Арнайы киім» ЖШС басшысы Е. Г. Быдановамен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Кездесу барысында диалог алаңында Мәдениет және өнер саласындағы колледждерде дуальды оқытудың ерекшеліктері мен перспективалары туралы айтылды, кәсіпорындарда педагогтердің тағылымдамадан өту мәселелері, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мен кәсіпорындардың ынтымақтастық стратегиясы мен нысаны мәселелері талқыланды. 4 курс студенттері үшін болашақ мамандар ретінде Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Б.С. Бахтыгереев пенҮкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының басшысы Н.Е.Шайкенованың тілектері ерекше әсер қалдырды.

Колледж бойынша таныстыру экскурсиясы барысында «Жас маман» жобасы аясында оқу кабинеттері, шығармашылық зертханалар, шеберханалар және «Жаңа өріс» құзыреттілік орталығы көрсетілді.

Іс-шара қонақтары «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығы студенттерінің «Creative Skills» шығармашылық және дипломдық жұмыстарының көрмесін, сондай-ақ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Д.Н. Мағзұмовтың жеке көрмесін тамашалады.

Жас маманның бірыңғай портретін қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін құру мәселесінде жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастықтың нысандарын іздеу үшін педагог-сарапшы, Еуразиялық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі Қ.М.Кусаинова «Жұмыс берушілер мен студенттердің заманауи маманның кәсіби қырларына көзқарасы» тақырыбы бойынша интерактив, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, жаттықтырушы, кәсіби бағдар беруші Д. С. Ильясова «Табысты өзін-өзі таныстыру формуласы заманауи кәсіби қызмет пен өмірлік табыстың қажетті элементі ретінде» тақырыбында тренинг өткізді.

«Жұмыс беруші күні» соңында мәжіліс залында жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.

 

Әдістемелік конференция

Құрылған күні: 2022.11.07 11:54:14

2022 жылғы 4 қарашада Щучинск қаласында Ақмола облысы білім басқармасының  «Оқу – әдістемелік кабинетін» құрылғанына он жыл толуына арналған «Үздік педагогикалық практика – табысты тәжірибені тарату»  тақырыбы бойынша Республикалық әдістемелік конференция өтті. Конференцияға «Талап» КЕАҚ, Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарының, Астана қаласы колледждерінің және Ақмола облысының барлық колледждерінің оқытушылары қатысты.

Пленарлық отырыстан кейін үш фокус-топта  «Озық педагогикалық тәжірибе – практика, шығармашылық, өзіндік ерекшелік, жаңашылдық», «LessonStady – педагогтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ресурсы», «Ғылыми, баспа қызметі  педагогтың өзін-өзі көрсетуге, жан-жақты қабілеттерін жүзеге асыруға мотивация ретінде» тақырыптары бойынша жұмыс жүргізілді. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен әдіскер, педагогика ғылымдарының кандидаты  Г.Б.Кушпаева «Қазіргі педагогтың әдістемелік мәдениеті» тақырыбында баяндама жасады және педагог-сарапшы, сертификатталған арт-терапевт Қ.М.Құсайынова педагогтердің шығармашылық серпіні мен позитивті көзқарасын одан әрі арттыру мақсатында Арт-пауза өткізді.

Сондай-ақ, жаттықтырушы, Дүниежүзілік сабақты зерттеу ұйымының мүшесі, Тараз өңірлік университетінің PhD докторы Станислав Олегович Котов және жаттықтырушы, кәсіби бағдар беруші, жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы Динара Серікқызы Ильясова «Lesson – study табысты практикаларын талдау» тақырыбында TED-конференция өткізді.

 

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері 19 қазан күні «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешенінде болды. Бұл сапар 25 қазан – Республика күніне және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды

Құрылған күні: 2022.10.20 19:34:38

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері 19 қазан күні «Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешенінде болды. Бұл сапар 25 қазан – Республика күніне және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Сапар барысында студенттер құнды тарихи жәдігерлер мен деректермен танысып, өткен тарихымыздың ақтаңдақ кездеріне шолу жасады. Ел мен жер үшін күрескен ұлы тұлғаларымыздың әйелдері отырған «АЛЖИР» түрмесінің ауыр зардаптарын көздерімен көргендей әсерде қалған жастарымыз, өздеріне терең ой түйгендерін айтты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды кешеніне ұйымдастырылған сапарға тарих мұғалімдері Гүлзина Тлеугабылова мен Бейсенбай Адай жетекшілік етті.
Жастарға берер тағылымы мол, төл тарихымызды тереңірек білуге, сүюге үйрететін киелі орындарды аралауға осындай мүмкіншілік берген колледжіміздің басшысы Идрисова Құралай Ғазизқызына деген студенттердің алғысы өте зор болды.
Әсіресе бұл сапардағы маңызды сәт, біздің колледжіміздің атынан берілген сыйлық кәде «АЛЖИР» мемориалды кешенінің қызметкерлеріне зор қуаныш сыйлады. Бұл сыйлық кәдені дайындаған колледжіміздің «Дизайн» мамандығының студенттері мен оқытушыларына үлкен алғысымызды айтамыз.
Алдағы уақытта киелі орындарды аралауға сапарлар ұйымдастырылып отырса, бұл жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп ғана қоймай, жауапкершілігі жоғары, еліміздің гүлденуіне бар күш жігерін салуға даяр түратын, тәуелсіздіктің қадірін терең түсінетін, еліміздің ынтымақ-бірлігі жарасқан бейбіт өмір салтын жалғастыратын тұлға қалыптастыруға өз септігін тигізеріне кәміл сенеміз.

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында 2022 жылдың 13-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы күніне орай Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бірлесіп «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар өткізді.

Құрылған күні: 2022.10.18 16:54:11

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің республикалық «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында 2022 жылдың 13-15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы күніне орай Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бірлесіп «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинар өткізді.
Бұл семинарға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кітапханашысы Смакова Салтанат Жақсылыққызы мен 3 ТҰЖ тобының білім алушысы Бұғыбай Зарина қатысты. Семинар барысында Республиканың әр өңірлерінен келген студенттерге Қонаев қаласының мәдени орталықтарына саяхат жасап, мұражайлармен таныстырды.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптар көрсетілді. «Кітапхана – қарым-қатынас және ақпарат көзі» тақырыбында секциялық отырыс болды.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастырған «Білгір кітапханашы – 2022» атты республикалық байқаудан Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кітапханашысы Смакова Салтанат Жақсылыққызы І-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Студенттер арасында өткен «Ең үздік эссе» сайысында еліміздің барлық өңірінен қатысқан 40 студенттер арасынан үздік танылған Бұғыбай Зарина төсбелгі және сертификатпен марапатталып, «Жылдам оқу» сайысынан 1 орынды иеленді.
Байқауға Бұғыбай Заринаны дайындаған “Парасат” клубының жетекшісі Қыдырбай Манарбекке алғысымызды білдіреміз.
#оқуғақұштарколледж #читающийколледж#

«Жас педагог мектебі» туралы

Құрылған күні: 2022.09.27 12:50:52

«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес «Жас педагог мектебінің» отырысы өтті. 2022-2023 оқу жылында колледжде хореографиялық пәндер мен режиссура бойынша 4 жас педагог жұмысқа қабылданды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – оқытушыларға теориялық білімді жетілдіру және педагогикалық шеберлікті арттыру мәселелерінде практикалық көмек көрсету, жаңа бастаған мамандардың оқу үрдісіне қажеттілігін анықтау және әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиісті нысанын таңдау.

Дизайн пәндері оқытушысы, педагог-сарапшы Қ.М. Құсайынова өткізген   «Өзара әрекеттесу өнері» тақырыбындағы  Арт – терапия, колледж психологы  М.К. Құдайбергенова өткізген  «Мен заманауи педагогпын» тақырыбындағы  психологиялық тренинг  қызықты  өтті.

Дизайн пәндері оқытушысы, облыстық және республикалық бейнесабақтар байқауының жүлделі орын иегері  М.А.Тукеева, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Б.Кушпаева, колледж әдіскері С.И.Ильясова «Мотивация педагогтың шығармашылық қабілеттерін дамытудың қажетті элементі ретінде», «Кәсіби қызмет алгоритмі», «Заманауи білім беру технологиялары» тақырыптарында дәрістер өткізді.

Қорытынды шығару кезінде рефлексия және жеке сауалнама жүргізілді.

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2022.06.21 16:12:48

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК 2021-2022 оқу жылына бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. ОӘБ әдіскері
2. Өндірістік оқыту шебері (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
3. Музыкалық пәндер оқытушысы (фортепиано сыныбы, баян сыныбы) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
4. Дауыс қойылымы оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
5. Хореографиялық пәндер оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
6. Демалыстану пәндері оқытушысы (мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру) (оқыту мемлекеттік тілде)
7. Информатика пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
8. Сахна тілі және актер шеберлігі оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
9. Математика пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
10. Физика пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
11. Химия пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
12. Биология пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
13. Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы
14. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы
15. Ағылшын тілі оқытушысы
16. Концертмейстер
17. Грим оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
18. Режиссура оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
19. Тарих оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде)
20. Саясаттану және экономика оқытушысы

Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім алушылардың білімі мен тәрбиесі туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді; психология және педагогика негіздерін; пәннің мазмұны мен оның тәжірибелік қолданылуын; негізгі технологиялық үрдістер мен мамандық саласы бойынша жұмыс тәсілдерін; экономика және өндіріс пен басқарушылықты ұйымдастыру негіздерін; Еңбек туралы Заңнама негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен прогрессивтік технологияларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білуі керек.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Біліктілігін арттыру туралы сертификаттар көшірмесі, біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда)
Еңбек кітапшасының көшірмесі.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап, сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Жамбыл Жабаев көшесі 140 мекен-жайында орналасқан «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да өтеді.
Конкурс 2022 жылғы 04 шілде күні сағат 10.00-де 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтеді, телефон 8(7162)32-91-86, факс 8(7162)32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz.

Бөлісу