jjjjjjjjjjj

“Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу”

Құрылған күні: 2022.06.01 17:41:07

30 мамыр күні  Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу”мәселесі бойынша семинар өткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау тәсілдері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауаптылық.

Әлеуметтік серіктес – білікті мамандарды жүйелі даярлаудың кепілі

Құрылған күні: 2022.05.31 16:36:53

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі білім алушыларының  қорытынды аттестаттауы өтіп жатыр.  «Драма театры артисі» біліктілігінің 4- курс білім алушыларының  «Актер шеберлігі» пәнінен дипломдық спектаклі таңдалған  Агата Кристидің «10  қара домалақ»  детективті драмасы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қойылды.

2018 жылдан бері осы курсты қарамағына алып, өндірістік оқытуға атсалысып, әлеуметтік серіктес ретінде  өз үлесін қосып келген Оспанов Мұратбек Үкібайұлына және  күрделі жанрдағы  туындыны сахналауға көмек көрсеткен театр директоры Қалдаров Жарас Шотбекұлына ризашылығымызды білдіреміз.

Болашақ театр артистерін 4 жыл бойы мамандықтың қыр-сырына оқытқан, кәсіби шеберліктерін ұштап, биік нәтижеге жетелеген Бөкешова Маржан Арыстанбекқызы мен шәкірттерін бүгінгі жетістіктерімен құттықтаймыз!

Колледж бен Театр арасындағы шығармашылық ынтымақтастықтың жалғасын табуына, бірлескен жұмыс нәтижесінде дуальді оқытуды одан әрі дамытуға, жас ұрпақтың жан дүниесін эстетикадық тұрғыдан  тәрбиелеуде жаңа жетістіктерге жете беруімізге сенімдіміз.

Болашақ мамандардың  бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, тарихи сананы қалыптастыру және  әлемдік, ұлттық өнерге баулу жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан театр ұжымына  зор денсаулық, отбасыларына бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!

“Ұлы жеңістің қаһармандары”

Құрылған күні: 2022.06.02 16:33:34

Ұлы Жеңіске 77 жыл толуына орай,  “Ustaz joly”  ғылыми әдістемелік орталығы “Ұлы жеңістің қаһармандары” атты II Республикалық онлайн байқау ұйымдастырды. Аталмыш байқауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  Театыр Ұжымының Жетекшісі мамандығының студенттері қатысып бақ сынады. 1-2 курстардан құралған қатысушылармыз нәтижесінде жүлделі “I” орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарымыз  дипломмен, және сертификаттармен марапатталса

Жетекшісі Кусайынова Жанар Сатыбайқызы “үздік жетекші” номинациясын иеленді.  Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз, алда шығармашылық толағай табыстар тілейміз!

Көркем-эстетикалық бағыттағы педагогтар форумы туралы

Құрылған күні: 2022.05.27 17:24:00

2022 жылғы 26 мамырда «Болашақ сарайы» оқушылар сарайының базасында «Баланы кешенді дамыту: шығармашылық әлеуетті ашу» тақырыбы бойынша музыка, көркем еңбек педагогтерінің, көркемдік – эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтерінің облыстық форумы өтті.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен лектор ретінде музыкалық пәндер оқытушысы, «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ Алтын жұлдыз төсбелгісінің иегері Никитенко Вера Васильевна шақырылды. Секция жұмысында ол «Оқушылардың кәсіби бағдарын оңтайландыру факторы ретінде тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында сөз сөйледі. Секция жұмысында ол «Оқушылардың кәсіби бағдарын оңтайландыру факторы ретінде тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында сөз сөйледі.

Вера Васильевна көркем-эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытудағы екі негізгі ұстанымға назар аударды: 1) оқушылардың жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін барынша ескере отырып, олардың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның шығармашылық әлеуетін дамыту. 2) кәсіптік бағдарлау оған өзіне лайықты кәсіптердің бірін таңдауға көмектесу үшін оқушыларды оның қабілеттері мен мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі ретінде. Мамандық таңдауға дайындық маңызды және оны бірлікте, яғни оқу-тәрбие процесінің барлық жүйесімен қарастыру керек. Сондай-ақ музыкалық қабілеттердің және көркем-шығармашылық сабақтардың ерекшеліктерін қарастырды.

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. https://m.egov.kz/survey/

Құрылған күні: 2022.05.25 14:09:56

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. https://m.egov.kz/survey/

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Сүйінші жаңалық!

Құрылған күні: 2022.05.20 11:52:49
Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің қабырғасынан қуыршақ театры құрылды.
Көкшетау мәдениеті мен руханиятының күретамыры іспеттес көптеген мәдениет қызметкерлерін қанаттандырған Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінде тағы бір қуанышты жаңалық!
Сәуір айының 4-ші жұлдызынан бастап ҚР мәдениет қайраткері, қуыршақ театрының мастері – Шәріп Ұзақов колледж қабырғасындағы 1 курс ТҰҰ (Театр Ұжымы Ұйымдастырушылары) студенттерімен орыстың халық ертегісі “Сиқырлы қоян” қойылымын сахналап бастап еді. Бүгін колледждің көркемдік кеңесіне тапсырған қойылым көңілімізден шықты. Алдағы уақытта барша театр сүйер көрерменге жол тартады деген игі жоспарымыз бар.
Кішкентай көренмендерін қуантуға асыққан бұл жоба бұрын соңды Көкшетауда болмаған бірегей жаңалық болғалы отыр. Белгіленген күні, айтулы уақытта баршаңызды”Сиқырлы қоян” ертегісінің премьерасына шақырамыз.
Жаңадан ашылып жатқан қуыршақ театрының ғұмыры ұзақ болғай! Жаңа театрдың төрінде жолыққанша күн жақсы, ел аман болғай!

Есеп беру концерті

Құрылған күні: 2022.05.06 18:37:50

Высший колледж культуры им. Ақан сері всегда отличался своей оригинальностью, самобытностью, неповторимостью. Это место, где лелеят таланты и выращивают настоящих профессионалов сферы культуры и искусства. Доказательством этому является отчетный концерт творческих коллективов учебного заведения, который блестяще прошёл 4 мая 2022 года.  Это мероприятие, которое является традицонным, но никогда не похожим на предыдущие, стало настоящим праздником творчества и искусства для организаторов, участников, ну и, конечно же, гостей и зрителей великолепного концерта с незамысловатым, но очень ёмким  и многогранным названием “Это мы!”. На протяжении всего мероприятия прослеживалась идея того, что будущее – в руках талантливой, креативной молодежи, с горящими глазами и любовью к своей профессии.

В программе концерта смогли показать свои номера представители всех специальностей колледжа: самобытные инструментальные номера оркестра казахских народных инструментов, фольклорного ансамбля, трио домбристов (руководители Т.Базаров, П. Омарова, Е. Базаров, Е. Досжан); изящные и грациозные хореографические номера народного ансамбля танца «Жаркын» (руководитель Д, Сагнаева), ансамбля танца «Самоцветы» (руководитель А. Погорелый) и ансамбля современного танца «Diamond» (руководитель А. Ефименко); потрясающие  вокальные эстрадные номера под руководством Н.Цой, С. Тасмукамбетова, Б. Даулетжановой; поразительные номера оригинального жанра в исполнении студентов 2 курса ОМП (руководитель Г. Кочетова), 2 и 4 курса АДТ (руководитель М. Букешова); превосходные вокально-инструментальные номера ВИА «Амигос» (руководитель Д. Бронников). Почетным гостем шоу-программы стала Алла Павлиди, которая порадовала зрителей своим великолепным исполнением. Дизайнерами колледжа была выполнена атрибутика, оформление сцены, грим и костюмы артистов.

В завершении вечера приглашенные гости в лице Г.Бекмагамбетова, А. Сабитовой, А. Еслямовой поздравили со сцены участников концерта и произнесли слова напутствия.

Концерт прошел на одном дыхании, в тёплой творческой обстановке, с желанием каждого зрителя услышать и увидеть следующий номер. Это мероприятие в очередной раз доказало, что в колледже культуры учатся самые талантливые и творческие студенты, неравнодушные к выбранной профессии, работают с ними креативные преподаватели, преданные своему делу, а все вместе они сохраняют самое ценное  – культуру!

«Jaña öris» құзыреттілік орталығы – «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы» «Интерьер декораторы (интерьер дизайнері)» және -«Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы» – «Киім және аксессуарлар декораторы (киім дизайнері)» біліктіліктері бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізеді

Құрылған күні: 2022.05.13 15:58:08

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-нің «Jaña öris» құзыреттілік орталығы 3W02120101 – «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы» 3W02120102 «Интерьер декораторы (интерьер дизайнері)» және  3W02120201-«Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы» 3W02120202- «Киім және аксессуарлар декораторы (киім дизайнері)» біліктіліктері бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізеді.

Курстың ұзақтығы 1 ай. Өндірістік қажеттілік кезінде біліктілікті арттыру мерзімдері тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Біліктілікті арттыру курстары күндізгі нысанда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. «Jaña öris» құзыреттілік орталығы сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес оқу бағдарламаларын жасау мүмкіндігіне ие.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы құжат (сертификат) беріледі.

Біліктілікті арттыруды ұйымдастырылған түрде дайындау және өткізу мақсатында сіздерден алдын ала өтінім берулеріңізді сұраймыз. Курсқа қабылдау үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • өтінім;
  • тыңдаушының жеке куәлігі (көшірмесі)
  • шарт 2 данада;
  • оқу ақысы туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдіреді.

 

Барлық сұрақтар бойынша: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК хабарласуға болады.

Телефон: 87162329186

Эл.пошта: kkas@aqmoedu.kz

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140.

Студенттің жетістігі – оқытушының кәсіби шеберлігінің нәтижесі

Құрылған күні: 2022.05.06 16:39:05

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  оқытушылары үнемі ізденісте болып,  студенттерінің өнерін шыңдап, көптеген сайыстар мен байқауларға  қатыстырып, жүлделі орындарға ие болады.

Соның дәлелі:

–           Чехославакияда өткен Халықаралық «Планета знаний»   байқауы;

–           Халықаралық балалар-жасөспірімдер театр фестиваль-байқауы;

–           Республикалық педагогтар мен тәрбиешілер арасындағы онлайн ғылыми-әдістемелік өнер байқауы;

–           Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, қоғам және мемлекет қайраткері Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдық мерейтойына арналған ІV Халықаралық «Жас-Art 2022» колледж студенттері арасындағы  қашықтықтан театр фестивалі.

Бөлісу