jjjjjjjjjjj

Ауған жауынгерлерімен кездесу

Құрылған күні: 2022.02.16 12:34:09

Білім басқармасымен 2021 жылғы 30 қарашадағы № 313 бекітілген колледждерді дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына және жалпы білім беретін пәндер бойынша онкүндікті өткізу жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің бірінші және екінші курс оқытушылары және  студенттерімен кездесу өтті.

Салтанатты шара Ауғанстан төңірегіндегі жағдайды саяси реттеу туралы Женева келісімі негізінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығына арналды.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихтың ауыр сынақтарынан өткен аға буынға деген патриоттық тәрбие мен құрмет, азаматтыққа тәрбиелеу.

Кездесуге ауған ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Тілеуғабылұлы  Шарипов шақырылды. Кездесудің бастамашысы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушысы Ризабек Ескенұлы Әубәкіров. Осы кездесудің есте қаларлық сәті студенттерге әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігін салтанатты түрде тапсыру болды.

“Өнер-менің болашағым!”

Құрылған күні: 2022.02.19 11:06:31

“Өнер-менің болашағым!”Осындай ұранмен 2022 жылдың 18 ақпанында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кәсіби бағдар беру командасы Көкшетау қаласы білім бөлімінің “Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп – лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

9 сынып оқушыларына колледж туралы презентациялық ролик және концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жария талқылау туралы хабарлама

Құрылған күні: 2022.02.18 10:15:14

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  мемлекеттік қызметтердің 2021 жылғы көрсету саласындағы қызметі жөніндегі  есепті ашық талқылау жүргізудің басталғаны туралы ақпараттандырады. Қызмет туралы есеп vkkas.edu.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады.  Талқылау Facebook, Instagram (colleqe_cultury_akan_sery) белгілі әлеуметтік желілерінің  беттерінде 2022 жылғы 30 наурызға дейін өткізілетін болады.

www.instagram.com/college_cultury_akan_sery

www.facebook.com/college.cultury.akan.sery/?ti=as

Ұжымдағы қуаныш

Құрылған күні: 2021.12.15 17:00:04

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы  қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің басшысы  Идрисова Құралай Ғазизқызы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Құралай Ғазизқызы оқытушылардың  өз қызметтерін жетілдіруге талпындыра алатын, жаңа идеяларды іске асыру қабілетіне ие, түрлі қызмет саласындағы тәжірибесі мол,  лидерлік қасиеттерді бойына дарытқан басшы.   Ұжымның әр мүшесіне көңіл бөле отырып, тұлғаға шынайы және құрметпен қарау, қызметкерлердің мұқтаждарына назар аудару, олардың мүдделерін қорғау сияқты құндылықтардан негізделген қарым-қатынасты құру арқылы қызметкерлер тарапынан бастаманы  ынталандырады.

Қадірлі Құралай Ғазизқызы, нәтижеге жетуде шексіз талап қоя білетін басшы ретінде Сізді әріптестеріңіз құрмет тұтады. Бүгінгі марапатыңыз құтты болсын! Қоғамдағы дәрежелеріңіз бен кәсіби деңгейіңіз арта берсін!

 

“Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті”

Құрылған күні: 2021.12.12 16:58:19

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті, оку үздігі, белсенді білім алушы,  “Жарқын” халықтық би ансамблінің жетекшісі Сагнаева Дана биыл  “Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті” республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында елорда, Нұр-Сұлтан қаласында, өтті. Колледж ұжымы мен студенттері Дананы үлкен нәтижесімен құттықтап, жаңа жеңістер мен табыстар тілейді.

«WorldSkills Kazakhstan-2021»

Құрылған күні: 2021.12.11 11:40:13

2021 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында VI «WorldSkills Kazakhstan-2021» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Интерьер дизайны» біліктілігінің 4 курс білім алушысы Ангелина Саакян «Флористика» құзыреттілігі бойынша  жүлделі 1-ші орынға ие болды.

Осы чемпионатқа Ангелинаны дайындаған сарапшы-компатриот, колледжіміздің дизайн пәндері оқытушысы  Құсайынова Қымбат Мұқанқызына алғысымызды білдіреміз.

Құрметті Ангелина  және Қымбат Мұқанқызы, жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз,  әрқашан осындай биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Бөлісу