jjjjjjjjjjj

Хореография бойынша “WorldSkills-Kazakhstan – 2021”

Құрылған күні: 2021.11.22 15:49:32

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 4 курс студенті Дана Сағнаева Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы жанындағы «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК базасында өтіп жатқан «Хореография ұжымының жетекшісі» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып жатыр. Шығармашылық әлеуеті мен ынталы дайындығының арқасында Дана аймақтық чемпионатта 1-ші орынға ие болды. Қазіргі уақытта  Ұлттық чемпионатқа қатысу жолында, оған Ақмола облысының атынан өкілдік ету құрметі бұйырды.  Колледж  өз студентінің жетістігімен мақтанады!  Ұлттық чемпионатта Данаға сәттілік тілейміз!

Гүлмира Мерғалиқызын құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2021.11.19 18:24:25

Республикада алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің Республикалық байқауы өтті.    Хореография өнері бойынша колледждің хореографиялық пәндер оқытушысы  Ордабаева Гульмира Мерғалиқызы қатысып,  1-орынға ие болды. 4 модуль бойынша өткен байқауда  ол теориялық және практикалық дайындығын, кәсіби шеберлігі мен дағдыларын, жоғары еңбек мәдениетін көрсетті.

Гүлмира Мерғалиқызын құттықтаймыз!  Шығармашылық табыс тілейміз!

Сафуан Шаймерденовпен сұхбаттасу алаңы

Құрылған күні: 2021.11.10 18:39:33

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  кітапханасында  Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ірге тасын қалаушылардың бірі, бүгінде актерлығымен, режиссерлығымен, кино – телевизия саласын қатар алып жүрген Сафуан Шаймерденовпен кездесу кеші өтті.

Санқырлы талант иесі колледж студенттеріне актерлік өнердің қыр-сырын таныстырып, студент жастардың сұрақтарына жауап берді. Кеш  сұхбаттасу алаңы форматында өтті.

«Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkillsKazakhstan-2021» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының 2-ші байқау күні

Құрылған күні: 2021.11.10 19:35:25

2021 жылдың 10 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде          «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының 2 – ші байқау күні өтті.

Байқау барысында қатысушылар 2 тапсырманы орындады.

С модулі бойынша «Күз» тақырыбына арналған қаңқадағы креативті букет» тапсырмасын орындауға 2 сағат бөлінді, оның барысында чемпионатқа қатысушылар жаңа кесілген гүлдер мен жасыл желектерді пайдаланып, қаңқаға букет жасады.  Бұл модульдің қаңқасы қатысушылармен алдын-ала дайындалды. Жұмыстарды бағалау кезінде техникалық дағдылармен қатар көркемдік талғам мен креативтілік ескерілді.

D модулі бойынша «Лобби отельге арналған композиция» тапсырмасын  орындау кезінде қатысушылар 2,5 сағат ішінде ұсынылған кеңістікті интерьермен органикалық үйлестіру мақсатында жаңа кесілген және  кептірілген гүлдердің интерьерлік композициясын жасады. Жұмыстарды бағалау кезінде түстердің бір-бірімен және қоршаған ортамен үйлесімділігі, интерьер палитрасына сәйкестігі, интерьер шешіміндегі креативтік  тәсіл назарға алынды.

Екінші байқау күнінің нәтижелері Чемпионаттың барлық қатысушыларының шығармашылық шабыты мен кәсібилігі туралы айтуға мүмкіндік береді!

Дебаты

Құрылған күні: 2021.11.06 19:27:02

Ақан сері атындағы жоғары мəдениет колледжінде 2021 жылғы 5-ші қараша күні “Əділет” дебат клубының жетекшісі Мұрат Қайырбекұлының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай  “Бұл палата Қазақстанның  ядролық қарудан бас тартуы ақталады деп санайды” атты тақырыпта колледжішілік пікірсайыс өтті.  Бұл дебатқа үкіметтің саясатын  қолдап  2 ТҰЖ студенті Бұғыбай Зарина мен

2 КД студенті Манзал Меруерт жəне оған қарсы оппозиция болып 2 АДТ студенті Серік Аманбол мен 2 ТҰЖ студенті  Жаңанұр Серуен   қатысты. Дебат өте тартысты болды. Студенттер өздеріне көп мəліметтер мен деректер жинақтаған. Айтқан пікірлері мен ұстанымдарына нақты дəлелдер мен айғақтар келтірді. Дебат соңында сот міндетін атқарған тарих пəнінің оқытушысы Бейсенбайұлы Адай студенттердің өз ойларын жеткізудегі шеберліктері мен дайындықтарына жоғары бағасын берді. Бұл пікірсайыстың ерекшелігі – жақтаушылар мен даттаушылар тартыста тең түсті. Қатысушыларға шығармашылық рух, жаңа жетістіктер тілейміз!

«Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkillsKazakhstan-2021» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының 1-ші байқау күні бойынша баспасөз-релизі

Құрылған күні: 2021.11.09 19:00:06

2021 жылдың 9 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде          «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының 1 – ші байқау күні өтті.

Байқау жұмыстарының  мазмұны екі тәуелсіз модульден тұрды.

Күннің бірінші жартысында 2 сағат ішінде қатысушылар А модулі «Күз» букеті» бойынша  кәсіби дайындық деңгейін көрсетті.

Күннің екінші жартысында В модулі бойынша «Сауыттағы композиция» байқауы  өтті. 2,5 сағат бөлінген тапсырманы орындау үшін жабық (қопсытылған) өсімдіктерді шыны дөңгелек құмыраларда қолдану қажет болды.

Қатысушылардың жұмыстары объективті аспектілер мен қазылардың пікірлері бойынша келесі критерийлер бойынша бағаланды:

– тазалық (сапалы жаңа материалды пайдалану);

– функционалдылық;

– берілген уақыт аралығында оңтайлы техниканы таңдау;

– құрастыру нүктесіндегі тұрақтылық (байламның беріктігі);

– физикалық тепе-теңдік;

– материал туралы қамқорлық;

– суға қол жеткізу;

– тіршілікке қабілеттілік (оңтайлы жағдайларда өмір сүру ұзақтығы);

– композиция;

– күрделілік деңгейі.

 Байқауға қатысушылардың барлық шығармашылық жұмыстары жоғары кәсіби деңгейде өтті.

 

 

«WorldSkills Kazakhstan – 2021»

Құрылған күні: 2021.11.08 10:00:23

2021 жылдың 8 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Флористика» құзыреттілігі бойынша  «WorldSkills Kazakhstan-2021»  VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова  Ботагөз Балапайқызы; «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері Атыргүл Алғатайқызы Есдаулетова қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Ашылу салтанатына Ақмола облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті ТжКББ бөлімінің жетекшісі Сәуле  Сәлімжанқызы Сералина; «Флористика» құзіреттілігінің бас сарапшысы Назель  Рахымбекқызы Акимбаева, бас сарапшының орынбасары Айгерім  Сабыржанқызы Калишева, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай колледжінің директоры Райым  Жолдасбекұлы  Нұрғалиев, Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің директоры Еслямова Ақнұр Қабиденқызы қатысты.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс  залының сахнасына өңірлік чемпионаттардың жеңімпаз-конкурсанттары шақырылды, олар төрт конкурстық күн ішінде «Флористика» құзыреттілігінде өз дағдыларын көрсететін болады:

  • Мищенко Елена –  Шығыс Қазақстан облысы, «Бесқарағай колледжі» КММ;
  • Худайберганова Кумушой- Қарағанды облысы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ;
  • ТажибоеваУлдоной- Түркістан облысы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі;
  • Саакян Ангелина – Ақмола облысы, «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК;
  • Мурзина Юлия –  Шымкент қаласы, «Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі» МКҚК;
  • Тузелова Дана –  Ақтөбе облысы, «Хромтау тау-кен техникалық  жоғары колледжі»  МКҚК;
  • Мусалимова Асем – Маңғыстау облысы, «Каспий» педагогика және салалық технология колледжі» ЖШС;
  • Бородюк Ирина  –  Алматы қаласы,  «Алматы   технология және  флористика колледжі» КМҚК

Ашылу салтанаты Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

«WorldSkills Kazakhstan-2021»

Құрылған күні: 2021.11.07 14:46:24

2021 жылдың 8-12 қарашасы аралығында  Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Флористика» қосымша құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan-2021 ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізіледі.

Аталмыш жылдың  8 қарашасында  сағат 12:00-де колледжінің мәжіліс залында ашылу салтанаты өтеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

«WorldSkills Kazakhstan-2021»

Құрылған күні: 2021.11.07 16:48:30

 

VI Республиканский чемпионат профессионального мастерства «WorldSkills Kazakhstan-2021» по компетенции ФЛОРИСТИКА

Бөлісу