jjjjjjjjjjj

Біздің мақтанышымыз

Құрылған күні: 2021.02.24 09:54:18

Қолғанат Мұрат 2009-2011 жылдары Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Режиссер, театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша ҚР мәдениет қайраткері Құдайберген Насыровтың  шеберханасынан аяқтады. Аталмыш түлегіміз бүгінде елге танымал драматургке айналып отыр. Қолғанат колледж қабырғасынан өзінің өнегесімен өнерге деген өлшеусіз махаббатымен көзге түсті. Оның колледж қабырғасында жүріп жазған сценарийлері мен өткізген іс-шаралары бүгінгі күнге дейін соңындағы іні, қарындастарына үлгі. Жас ізденімпаз колледжден түлеп ұшқансоң   2011-2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кинотеледраматургия» мамандығын Дулат Исабековтың шеберханасы бойынша бітірді, 2015-2017 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетінің магистірі атанды.

Қолғанаттың қазіргі таңда театр сүйер қауыммен, оқырмандарға танымал қаламынан шыққан пьесалары“Шырмаудағы ғұмыр” (2013),“Қуыршақ” (2013), “Шырғалаң” (2014), “Алдамшы үміт” (2015), “Түнек” (2015), “Пони” (2016), “Cаусақ” ( 2016), “Бақыт кілті” (2016), “Егіздер” (2018),  “Орбұлақ”,«Обычай» (2019), “Мөде қаған” (2019);  “Тас – адам”(2018);“Көбелек ғұмыр”(2020); “Ғұрып”(2020); “Қылмыс”(2020);“Үш әйел бір еркек”(2020);“Мұғалім”(2021); Аталмыш туындылар бүгінгі күнге дейін республикамыздың түрлі театр сахналарында сахналануда.

Қолғанаттың жеткен жетістіктеріне тоқталсақ: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген ҚР және РФ театр оқу орындары мен театр жастарының I аймақтық эксперименталдық фестиваль-лабораториясында  «Тағдыр» қойылымы үшін алғыс хатпен марапатталды (2011).

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 18-40 жасқа жасқа дейінгі  драматургтер арасында жарияланған республикалық «Замандас келбеті» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы байқау жеңімпазы болып танылды  (2015).

Республикалық тәуелсіз әдеби «Алтын қалам 2015» байқауында «Алдамшы үміт» пьесасы «Жылдың үздік драматургиясы және киносценарийі» номинациясына ие болды (2015).

 «Пони» пьесасы Шымкентте ұйымдастырылған  Республикалық  «Тәуелсіздік толғауы» байқауында 3-орын иеленді (2016).

«Орбұлақ» пьесасы Талдықорған қаласында өткен  Республикалық «Ел тағдыры – Жер тағдыры» атты драматургтер байқауында гран-при иегері атанды (2018).

«Куәгер» пьесасы Респбуликалық «Нұрсұлтан Назарбаев» қоры ұйымдастырған VI «Алтын тобылғы» әдебиет байқауының «Жылдың үздік дараматургі» атынды (2020)

«Түнек» пьесасы Ресейдің «Слово и действие-2018» байқауында негізгі конкурсқа түсті.

Аталмыш жетістіктер біздің түлегіміз үшін өте жоғары нәтиже деп есептейміз. Бүгінгі таңда театрда жүріп жатқан қойылымдары:

Арқалық қаласындағы  қазақ жасөспірімдер театры» мен  Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында “Алдамшы үміт” қойылымы (2016); М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында “Бақыт кілті” қойылымы (2017);  Т.Жаманқұловтың «Дат!» театрында «Қуыршақ» қойылымы (2018);Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Орбұлақ» қойылымы; Шығыс Қазақстан облыстық жастар театрында «Қуыршақ» қойылымы (2019); Алатау дәстүрлі өнер театрында балаларға арналған «Ғұрып» қойлымы(2020); Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында Т. Әбдік «Оң қол» (сахналық нұсқасының авторы) қойылымы (2021); Ғабит Мүсірепов атындағы «Балалар мен жасөспірімдер» театрында «Мұғалім» қойылымы(2021);

Театр сахнасында жүріп жатқан қойылымдар қазіргі таңда театр сыншылары мен көрерменнен өзінің оң бағасын алуда.Пьесалары ағылшын, орыс, азербайджан,   тілдеріне аударылып үлгерді. Алдағы уақытта шетел сахналарынан да тағатсыз күтетін боламыз.

Мұрат Қолғанат тек драмалық шығармалардан тыс кино сценарийлерді де жоғары деңгейде жазып көпшіліктің қошеметіне ие болуда айталық: «Қазақфильм» киностудиясында  ТОО «Дебют» бірлестігімен бірге қысқаметражды «Аялдама» фильм түсірді.  Сценарист: Д. Кулмаков, К. Мурат (2015); «Қазақстан»  телеарнасының арнайы тапсырысымен түсірілген 8 бөлімді «Орбұлақ» тарихи телесериялының бірінші сценаристі (2019);

Қазіргі таңда түлегіміз М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрында– драматург, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы қызыметтерін атқаруда.

Ақан сері атындағы жоғары ммәдениет колледж осындай тлапты, талантты түлектерімен мақтанады. Біздің колледжді үлкен өмірге аттанған түлектерімен ешқашан байланыс үзген емес. Әр қашанда қолдап, қолпаштап жетістігі мен өнерін насихаттап отырады.

Колледж басшысы Идрисова Құралай Ғазизқызы атынан және колледж ұжымы атынан Мұрат қолғанатқа шығармашылық табыстар тілейміз. Алдағы уақытта әлемдік аренаға шығуына шын жүректен тілекшіміз. Шаршама қазақ елінің қолғанаты бол Қолғанат.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениетколледжі» МКҚК-ң көпшіліктің талқылауы үшін 2020 ж. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Құрылған күні: 2021.02.23 17:52:24

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2020 ж. қорытынды бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 327, соның ішінде:

–  қағаз нысанында –  207

–  Мемлекеттік корпорация арқылы –  10

–  e-gov арқылы – 12

–   ХАА ақпараттық жүйелері арқылы – 98

– бас тарту – 1

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру -7
  2. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру-11
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау – 199
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру -11
  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау – 2
  6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 6
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну – 96
  8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру – 1

 

 

Соның ішінде 3 мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілді.

  1. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
  2. Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау.

 

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында колледж сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар және берілген қызметтерді көрсету туралы нұсқаулық орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және тұрғындарды ақпараттандыру  мақсаттарында ұйымда көрнекі ақпарат стенді (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған . Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында стандарттар, регламенттер, шағым беру тәртібі, байланыс ақпарат орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

Көкшетау қалалық әкімдігіне ай сайын  8 мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша ішкі мониторинг жұмысы жөнінде есеп ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну мерзімдері  бұзылған жоқ.

Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің, сапасы мен қолжетімділігінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым түскен жоқ.

Электрондықмемлекеттікқызметкөрсетутәртібіжөніндетолықақпарат колледж фойесі мен халыққақызметкөрсетуоталығындағыстендтерде,  соныменқатарколледждің интернет-ресурсыныңмемлекеттікқызметкөрсетубөліміндеорналастырылған.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат колледждің және халыққа қызмет көрсету орталығының фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай –ақ колледждің интернет-ресурсында Мемлекеттік қызметтер бөлімінде орналастырылған.

2021 жылы барлық мемлекеттік қызметтер электрондық түрде E-gov және ХАА ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі.

Қызмет көрсету мәселелері бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: 8716-2-32-91-86, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140.

 

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Құрылған күні: 2021.02.22 15:32:03

2021 жылғы 15-18 ақпан аралығында Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінде кәсіптік бағдар беру мақсатында онлайн-конференциялар өтті. Конференцияға Көкшетау қаласының «М.Ғабдуллин атындағы       №3 мамандандырылған гимназиясы» КММ, «№4 орта мектеп» ММ,  «№5  «Таңдау» көпсалалы гимназиясы», «№11 орта мектеп-гимназиясы» КММ, «№12 орта мектеп» ММ, «С. Жүнісов атындағы №18 мектеп – лицейі» КММ қатысты. Конференция барысында мектеп түлектері «Мәдениет және өнер» бейініндегі мамандықтармен толық танысып, қызықтырған сұрақтарын қойды.

Аталмыш мектептердің кәсіби  бағдарлау  жұмысын үйлестірушілеріне алғысымызды білдіреміз.

«Білім беру менеджменті»

Құрылған күні: 2021.02.19 18:00:25

2021 жылғы 15-19 ақпан аралығында «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде»  «Білім беру менеджменті»  бойынша курс өтті.  Курсты жетекші жаттықтырушы, Талдықорған қаласының кәсіби даму және біліктілікті арттыру орталығының директоры Адамбаева Гульбарам Советқалиқызы жүргізді. Курстың алғашқы сәтінен  бастап, материалды сапалы игеруге, көзқарасты еркін  білдіруге көмектескен  риясыз достық ортаны құра алды. Дәрістер  жаңа форматтағы  барлық педагогикалық технологияларға сай ұйымдастырылды, интерактивті нысандар, пікірталастар, талқылаулар қолданылды.

Гүлбарам Советқалиқызы, кәсіби шеберлігіңіз бен сапалы жұмысыңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» квестінің ашылуы

Құрылған күні: 2021.02.19 12:53:33

2021 жылғы 18 ақпанда Ақан сері атындағы  жоғары мәдениет колледжінде бірінші курс студенттеріне арналған “Саналы ұрпақ” сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестінің ашылу рәсімі өтті. Мақсаты  жас ұрпақты қазіргі заманның мәселесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту! Іс-шара  «Драма театры әртісі» біліктілігінің 3-курс студенттері дайындаған театрландырылған прологпен ашылды. Квестің ашылуына  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Тілектесұлы Бердалин қатысты. Іс-шараға бірінші курстың 7 командасы қатысты. Командалармен таныстыру өткізілді және командалар ұсынылған таратпа  жазу арқылы квестің кезеңдерін шешті. Студенттер дайындаған тақырыптық бейнеролик ұсынылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квестің келесі 6 кезеңі 23 ақпанда өтеді. Іс-шараға қатысушылар жалғасын күтуде! Финалда жеңіске жеткен командаларға “Адалдық” кубогы беріледі.

Көрмеге шолу

Құрылған күні: 2021.02.16 18:40:10

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде 16.02.2021 жылы  «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне   орай 1 курс білім алушылары  үшін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша және жоба авторы С.А.Назарбаеваның жеке тұлғасы туралы әдебиеттерге шолу өткізілді.

«Мейірімділік әлемді құтқарады!»

Құрылған күні: 2021.02.16 18:34:35

2021 жылғы 12 ақпанда  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 1 БП (ор.) тобының білім алушылары үшін “Мейірімділік әлемді құтқарады!” атты сыныптан тыс сабақ өтті.

Сабақ барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, әңгімелер қолданылды, ұжымдық ән айтылып, сурет салынды. Білім алушылар жалпыадамзаттық құндылықтар мәселелерін талқылау үрдісіне белсенді қатысты: өмірден мысалдар келтіріп, ой қозғады, өз пікірлерін, мінез-құлық пен іс-әрекеттердегі қалауларын білдірді.

Бұл сабақ білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, шығармашылық және жобалық іс-әрекет барысында өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білуге, өз іс-әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуға ықпал етті. Сабақ рефлексиямен аяқталды.

«Достық – бірлік пен ынтымақ негізі»

Құрылған күні: 2021.02.16 14:20:36

2021 жылғы 10 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Өзін-өзі тану пәнінен 1 КД тобында достықтың маңыздылығын түсіндіру арқылы, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу мақсатында «Достық – бірлік пен ынтымақ негізі» тақырыбында сыныптан тыс сабағы өтті.

Бөлісу