jjjjjjjjjjj

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігініңің ашылуы

Құрылған күні: 2021.02.10 09:43:30

2021 жылғы 5 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы онлайн өтті. Өзін-өзі тану пәнінің оқытушылары онкүндікті өткізу жоспарымен таныстырды. Осы пәннің негізгі мақсаты және жобаның авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өзін-өзі тану пәніне қосқан үлесі туралы баяндалды.

«Қазіргі заманғы жағдайда әлеуметтік – мәдени сала мамандарын даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар

Құрылған күні: 2021.02.10 09:36:16

2021 жылғы 08 ақпанда «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік базасында «Қазіргі заманғы жағдайда әлеуметтік – мәдени сала мамандарын даярлау мәселелері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.

Семинарға «Talap» КЕАҚ, Нұр-сұлтан қаласының «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ өкілдері, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының техникалық және кәсіптік,  орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – ОӘБ мамандықтары бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау, «Өнер және мәдениет» бейініндегі колледждердің білім беру үрдісіне WorldSkills стандарттарының талаптарын енгізу бойынша дуальді оқытуды қолдану жөнінде тәжірибемен алмасу.

Семинар барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры және ОӘБ төрайымы К.Ғ. Идрисова, ТжКББ мазмұнын жаңарту департаментінің бас менеджері Ерке Қалиақбарұлы Сыздықов, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының орынбасарлары Г.А.Кадралиева, Р. Б. Баткульдина және Қаскелең мәдениет колледжі директорының орынбасары Н. К. Декембаева, Қостанай педагогикалық колледжінің хореография бөлімінің меңгерушісі С. М. Доспанова, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің арнайы пәндер оқытушысы Н. Г. Матвеева сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар ТжКББ ұйымдарында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлаудың ағымдағы мәселелерін талқылады. Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, алғыс хаттар табыс етілді.

Тәжірибе алмасу

Құрылған күні: 2021.02.08 17:57:51

Колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және түлектерді жұмысқа орналастыруды арттыруға мүмкіндік беретін «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатқаны баршаға мәлім. «Жас маман» жобасы аясында облысымызда сұранысқа ие 100 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын 11 жетекші колледж анықталған болатын. 2020 жылы облыстың 5 колледжі, 2021 жылы 6 колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, жоба аясында заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға қол жеткізуде. Соның ішінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Дизайн (бейіні бойынша)» мамандығының материалдық-техникалық базасы жарақтандырылуда. Осы орайда 2021 жылғы 5 ақпанда колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова бастаған жеті оқытушы «Жас маман» жобасы бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында Жоғары техникалық колледжіне барды. Аталмыш колледж директоры Ақнұр Қабиденқызы Еслямова жылы лебізбен қарсы алып, 4 оқу корпусында орналасқан «Жас маман» жобасы шеңберінде заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу зертханалары және шеберханаларымен таныстырды. Мехатроника, робототехника, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш өңдеу, 3D принтерлер және тағы басқа шеберханалар ерекше таңқаларлықтай әсер қалдырды. Жеткен жетістіктерімен бөліскен колледж ұжымына алғысымыз шексіз. Ел болашағын тәрбиелеудегі ұлы жолдарыңызда баршаңызға қажымас қайрат, жасымас жігер тілейміз!

Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті!

Құрылған күні: 2021.02.08 15:54:10

2021 жылғы  5 және 8 ақпанда Ақан сері атындағы  жоғары мәдениет колледжінде кәсіби бағдар жұмысы  мақсатында zoom-конференция өтті.  Конференцияға Көкшетау қаласының мектептері қатысты:  «№13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясы» ММ, «№10 орта мектеп» ММ, Көкшетау қаласының білім бөлімінің «Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі» КММ, сонымен қатар Антоновка ауылының «Антоновка орта мектебі» КММ.

Конференция барысында болашақ талапкерлер сұрақтар қойып, қызықтыратын мамандықтар бойынша кеңестер алды.

#мәдениетколледжі

#көкшетаумәдениетколледжі

#талапкермәдениетколледжі

#ақансеріатындағымәдениетколледжі

2021 жылғы 01 қаңтар жағдай бойынша білім беру ұйымының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

Құрылған күні: 2021.01.01 18:20:03

Тіркелген файлдар:

«Алғыс хат»

Құрылған күні: 2021.02.09 11:36:32

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстанның әрбір азаматы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда өзінің азаматтық ұстанымын көрсете алды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сегізінші парламенттік сайлау болды, Мәжіліс депутаттарын сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Осы қиын-қыстау кезеңде сайлауды өткізу үшін үлкен жауапкершілік сайлау заңнамасына сәйкес құрылған, сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін тәуелсіз алқалы орган болып табылатын сайлау комиссияларына жүктелді. Әрбір сайлаушы үшін сайлау комиссиялары дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде қажетті жағдайлар жасады. Көкшетау қаласының 26 учаскесіндегі сайлау комиссиясының үйлесімді жұмысы байқаушылармен және сайлаушылармен атап өтілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының грамотасымен сайлау комиссиясының төрайымы Құралай Ғазизқызы Идрисова және Комиссияның барлық құрамы марапатталды.

Қашықтықтан оқытудың белсенді әдістері арқылы студенттердің шығармашылық ерекшеліктерін дамыту

Құрылған күні: 2021.02.01 10:14:59

2021 жылғы 29 қаңтарда «Қашықтықтан оқытудың белсенді әдістері арқылы студенттердің шығармашылық ерекшеліктерін дамыту» тақырыбында Ақмола облысының шығармашылық бағытының ӘБ online отырысы өтті.
Вебинардың мақсаты – ТжКБ қашықтықтан оқыту форматында оқытудың белсенді әдістерін пайдалану аспектілері бойынша тәжірибе алмасу.
Отырысқа ТжКБ әдіскерлері, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Білім басқармасының ОӘК әдіскері  Сәуле Болатқызы Жұмажанова  Ақан сері атындағы жоғары  мәдениет  колледжі  ӘБ-ң   жаңа төрайымы,  демалыстану пәндері оқытушысы  Наталья Викторовна Шапкинаны таныстырды.
Конференция барысында шығармашылық бағыттағы әріптестер қашықтықтан оқыту  форматында қолданылатын әдістермен, тәсілдермен, жаңа технологиялармен бөлісті.
Ақан сері атындағы жоғары  мәдениет  колледжі  оқытушылары хореографиялық пәндер оқытушысы  Рафаэль Геннадьевич Хамидов «Педагог-ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі мамандығын оқыту ерекшеліктері»  және  демалыстану пәндері оқытушысы  Кәкім Риянбекұлы Хасамбай  «Онлайн конкурсқа сценарий жазу» тақырыптарында қашықтықтан оқыту кезіндегі  өздерінің оқыту әдістерімен бөлісті.
Вебинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасу болды.

Бөлісу