jjjjjjjjjjj

Темекі шегудің алдын алу

Құрылған күні: 2020.11.19 16:19:04

2020 жылдың 19 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 1, 2 курс студенттеріне арналған ZOOM платформасында “Темекі шегудің алдын алу” тақырыбында іс-шара өтті. Бұл онлайн-кездесуді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Анар Мұратқызы өткізді, ол темекі өнімдерін пайдаланудың қандай жағымсыз салдары болуы мүмкін екенін айтып, көрнекі түрде (презентация түрінде) көрсетті. Кездесу әңгіме түрінде өтті, онда студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтырған кез-келген сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара өте танымды болды.

1 ТҰЖ

Құрылған күні: 2020.11.18 15:17:57

«Студенттер қатарына қабылдау» онкүндігі аясында “Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері” біліктілігінің 1-курс студенті Бұғыбай Зарина Серікболсын Валиханның «Бар мінезім» атты өлеңін мәнерлеп оқып, өзінің шығармашылық қабілетін көрсетті.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың назарына!

Құрылған күні: 2020.11.18 13:06:05

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК 2020 жылғы 19 қарашадан 8 желтоқсан аралығында Қамқоршылық кеңестің құрамына кіруге ниет білдірген тұлғалардың өтініштерін қабылдайтынын хабарлайды.

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі. Өз өтінішіңізді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: kkas@aqmoedu.kz. Анықтама телефоны: 87162329186.

Кесте

Құрылған күні: 2020.11.18 04:38:54

 

Қысқы аралық аттестаттауға дайындық бойынша кеңес

Құрылған күні: 2020.11.17 17:11:16

16.11.2020 ж. 2-4 курс үшін қысқы аралық аттестаттауды дайындау бойынша онлайн-кеңес өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Баткульдина қысқы аралық аттестаттаудың өту мерзімімен және кестесімен таныстырды.

1-кезең: 21.12.-25.12.2020 ж. келесі мамандықтар бойынша 2-3 курстар үшін:

– «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы»;

– «Актерлік өнер»;

– «Дизайн (бейіні бойынша) 2-4 курстар үшін.

2-кезең: 25.01. – 29.01.2021 ж.

– «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық көркем өнер шығармашылығы» мамандығы бойынша 4 курстар үшін.

Сондай-ақ ҚОТ пайдалана отырып, аралық аттестаттауды өткізу нысандары оқытушылармен келісілді.

К.Г.Мусина College SmartNation платформасына аралық аттестаттау материалдарын жүктеу әдістерін көрсету арқылы, оқытушылар арасында нұсқаулық өткізді.

«Студенттер қатарына қабылдау» онкүндігі барысында суретшілердің шығармашылығына қызығушылық танытатын “

Құрылған күні: 2020.11.17 16:25:40

«Студенттер қатарына қабылдау» онкүндігі барысында суретшілердің шығармашылығына қызығушылық танытатын “Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының режиссері» біліктілігінің 4-курс студенті Крикунова Карина, әйгілі шығармалардың интерпретациясын көрсетті

Киім дизайны

Құрылған күні: 2020.11.16 14:55:57

“Киім дизайны” біліктілігінің бірінші курс студенттері «Студенттер қатарына қабылдау» онкүндігі аясында өткізілген «Қолыңыздан келе ме?» шығармашылық челленджіне қатысып, қағазда көлемді композициялар, квиллинг жасады. Бірінші курс студенттері 2 курс білім алушыларынан шығармашылық эстафета қабылдап, өз өнерлерін көрсетті.

Студенттер қатарына қабылдау онкүндігі аясында өткен челлендж бірінші курс студенттерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетумен жалғасты.

Құрылған күні: 2020.11.13 17:10:04

Студенттер қатарына қабылдау онкүндігі аясында өткен челлендж бірінші курс студенттерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетумен жалғасты. “Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының режиссері» біліктілігінің бірінші курс студенттері сурет салып, ән айтып, би билеп, әдеби шығармалардан үзінділер оқыды және өздерінің тамаша көңіл-күйлерімен бөлісті.

РТК челлендж

Құрылған күні: 2020.11.13 14:50:49

«Педагог -мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз  театр ұжымының  режиссері»   біліктілігінің бірінші курс студенттері  «Студенттер қатарына қабылдау» кезінде «Қолыңыздан келе ме?» шығармашылық челленджіне қатысты.

Бірінші курс студенттері  3 курстан шығармашылық эстафетаны қабылдап, жаңылтпаштарды оқыды.

Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптіліг

Құрылған күні: 2020.11.12 18:20:47

12 қараша күні Ақмола облысының Дін істері басқармасының жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ дінтанушы-маманы Индира Бекишевамен «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында онлайн-дәріс өтті.

Бөлісу