Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
- Музыкалық пәндер оқытушысы (домбыра сыныбы, фортепиано сыныбы, баян сыныбы) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
- Хореографиялық пәндер оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
- Демалыстану пәндері оқытушысы (мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру) (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
- Информатика пәні оқытушысы (оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде)
- Дирижерлау оқытушысы
- Режиссура (драма театры) оқытушысы
- Актер өнері және сахна тілі оқытушысы
- Грим пәні оқытушысы
- Математика пәні оқытушысы
- Физика пәні оқытушысы
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Сала бойынша жоғары (немесе ЖОО кейін) білімі және оқытушы лауазымындағы 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы.
- Концертмейстер
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары музыкалық білім немесе техникалық және кәсіби білім (музыкалық).
Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім алушылардың білімі мен тәрбиесі туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді; психология және педагогика негіздерін; пәннің мазмұны мен оның тәжірибелік қолданылуын; негізгі технологиялық үрдістер мен мамандық саласы бойынша жұмыс тәсілдерін; экономика және өндіріс пен басқарушылықты ұйымдастыру негіздерін; Еңбек туралы Заңнама негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен прогрессивтік технологияларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 15 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, 209 кабинетке келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
- Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Біліктілігін арттыру туралы сертификаттар көшірмесі, біліктілік санаты туралы куәлі көшірмесі (болған жағдайда)
- Еңбек кітапшасының көшірмесі.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімін бекіткен күннен бастап, сұхбатқа жіберілген конкурс қатысушылары Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Жамбыл көшесі 140 мекен-жайында орналасқан «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да өтеді.
Конкурс 2019 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-де 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 140 мекен-жайы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде өтеді, телефон 8(7162)32-91-86, факс 8(7162)32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz