1962-1975 жылдар аралығында кітапхана училищесінің директоры қызметін атқарған Ястребова Анна Сергеевна. Анна Сергеевна колледждің материалдық базасының нығайуына үлкен үлес қосты. 1970 жылы колледждің қазіргі оқу корпусының құрылысы аяқталды. Директодың бастамасымен 1971 жылы «Дерижерлық-хор» бөлімі ашылды.

Зуева Мария Васильевна 1955 жылы Свердловск педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Көкшкетау облысына неміс және француз тілдері мұғалімі ретінде жіберілген. Еңбек жолын Зеренді орта мектебінде бастады.Одан кейін Курапаткинск орта мектебіне оқу ісі жөніндегі дтректордың орынбасары ретінде жіберілді. 1967 жылы Раздольный орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.

Зуева Мария Васильевна1978-1986 жылдар аралығында Көкшетау кітапхана техникумының директоры болды. Мария Васильевнаның белсенділігінің арқасында жаңа мамандықтар ашылды: театр режиссурасы, драма театр актері, клуб іс-шаралары режиссурасы, халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, хореграфия.

Насыров Абзал Әшімұлы 1935 жылы Көкшетау қаласында туған. Мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институттың тарихи- филология факультетіне түсті. Институтты бітіргеннен кейін туған қаласында жұмыс істеп, екі жыл ішінде № 8 мектептің директоры дәрежесіне көтеріледі.Қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болфп тағайындалды. Кейін № 66 кәсіби-техникалық училищенің директоры болып бес жыл қызмет атқарады. Он жыл облыстық халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Насыров Абзал Әшімұлы мәдени-ағарту училищесінде 1986-1989 жылдар аралығында директор қызметін атқарды.

Сұлқарнаев Рафаил Саитұлы Түмен облысының Ялутар ауданында 15 маусым, 1950 жылы туған. Түмен облыстық мәдени-ағарту училищесін бітіргеннен кейін, Ялутар аудандық мәдениет бөлімінде инпектор қызметін атқарған. Әскери міндетін атқарғаннан кейінгі жылдары туған ауылында Мәдениет үйінің көркем жетекшісі болып жұмыс істейді.1972-1976 жылдары Челябинск мемлекеттік мәдениет институтын бітіргеннен кейін, Түмен облыстық халық шығармашылық Үйіне фольклор және көркемөнерпаз оркестрінің маманы ретінде қабылданды.

1979 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келді.Көкшетау облысы, Куйбышев аудандық атқару комитетінің мәдени бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.1984 жылы Көкшетау қаласы, облыстық филармонияға көркем жетекші ретінде ауыстырылды.1990 жылдың наурыз айынан 2000 жылға дейін мәдени-ағарту училищесін басқарды.

Мұратбекова Күмүс Әнуарбекқызы еңбек жолын 1970 жылы орта және кәсіптік техникалық мектеп мұғалімі ретінде бастады. Ол кеңестік-париялық органдарда, облыстық коммунистік пария комитетінде үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мәдениет қызметкерлерінің облыстық кәсіподағында, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры, «Көкше» колледжінің директоры қызметтерін атқарды.

Мұратбекова Күмүс Әнуарбекқызы 2000-2007 жылдар аралығында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры болды. Мәдениет саласында тәжірибесі мол маман. Күмүс Әнуарбекқызының ұйымдастыруымен Қапаш Құлышеваның, халық артисі Болат Аюхановтың, мүсінші Дәурен Досмағамбетовтың шеберлік класстары өткізілді, 2000 жылы «Драма театры актері» және 2004 жылы «Интерьер дизайны» мен «Халық аспаптары оркестрінің жетекшісі» мамандықтары ашылды.

Мұратбекова Күмүс Әнуарбекқызы 2006 жылы Астанада өткен Қазақстан іскер әйелдері ассосациясы ұйымдастырған Әйелдердің Еуразиялық Саммитіне қатысты.

Көкшетау кітапханалық училищесінің тұңғыш директоры Көкөбаев Хайрөш Көкөбайұлы. Хайрөш Көкөбайұлы А.С.Пушкин атындағы Орал педучилищесін бітіргеннен кеінгі жылдары  Көкшетау казпедучилищесінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары (1936-1941), Казгородок ОМ директоры (1941-1943), Зеренді ауданы, Қарашілік ОМ директоры (1944), Көкшетау педучилищесінің директоры (1947) қызметтерін атқарды. 1955 жылы Хайрөш Көкөбайұлы Көкшетау кітапханалық училищесінің директоры болып тағайындалды. Ол оқу үрдісін жетілдіріп, педагогикалық ұжымның мақсат-міндеттерін шешуге елеулі үлес қосты. 1999 жылы Хайрөш Көкөбайұлы өмірден өтті.

Еслямханов Сембек Еслямханович еңбек жолын бастауыш мектеп мұғалімінен бастаған. Ол Фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысқан.Соғыстан кейін Сембек Еслямханович Көкшетау облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1953 жылы Алматыда Абай атындағы педагогикалық институтта оқи жүріп, Жоғары партия мектебін бітірді.1953-1955 жылдары кітапхана училищесінің директоры, ал 1955-1958 жылдары облыстық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы болып тағайындалды.1990 жылы Сембек Еслямханович қайтыс болды.

Ольга Васильевна Верульская мәдени-ағарту училищесінің директоры ретінде 1975-1978 жылдар аралығында қызмет атқарды. Ольга Васильевнаның училищенің дамуының және ұстаздық құрамның қалыптасуына қосқан үлесі зор болды. Ол училище түлектері болашаққа сенімді қадам басуы үшін оқу үрдісін қай бағытта жүргізу керектігін,  училищеге тәжірибесі мол жақсы мамандар керектігін анық білген басшы. Әсіресе «Көпшілік іс-шаралар режиссері» бөліміне Костенко Рита Сергеевна, Лисицын Андрей Федорович сияқты өз ісінің хас шеберлерін шақырды.

Бөлісу