Көкшетау мәдениет колледжінің тарихы оқу орны ретінде 1955 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 15.07.2005 ж. № 556-Р үкімі бойынша ұйымдастырылған кітапхана техникумынан басталады.

  • Көкшетау кітапхана техникумы атауының Көкшетау мәдени-ағарту училищесіне өзгертілуі туралы Қазақ ҚСР жоғары, орта, арнайы Білім министрлігінің 16.06.1981 ж. № 601 бұйрығы;
  • 1991 ж. Қазақ ҚСР министрлер кеңесінің №287 қаулысымен училищеге Ақан серінің есімі берілді;
  • Ақан сері атындағы Көкшетау мәдени ағарту училищесі атауы ҚР министрлер кабинетінің 03.06.1992 ж. № 01/25 қаулысы бойынша Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет училищесі болып өзгертілді;
  • 1995 ж. Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет училищесі ҚР Мәдениет министрлігінің № 312 бұйрығымен Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі болып өзгертілді;
  • 1997 ж. ҚР үкіметінің 8 мамырдағы №814 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысының білім департаментінің №143 бұйрығымен Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі және Біржан сал атындағы музыка колледжі Ақан сері атындағы өнер колледжі болып қайта ұйымдастырылды;
  • 1999 ж. Көшетау қаласы әкімінің 15 қыркүйектегі № 594 шешімімен Ақан сері атындағы өнер колледжі Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі және Біржан сал атындағы музыка колледжі болып қайта ұйымдастырылды;
  • 2008 ж. Ақмола облысы Әкімдігінің 30.04.2008 ж. № А-4/154 Қаулысымен Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

Ақмола облыстық білім басқармасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ретіндегі колледждің құрылтайшысы болып табылады.

Білім беру қызметін жүргізу 12.08.2009 ж. қайта ресімделген  сериясы АБ № 0036757 лицензияның болуымен расталады.

Бөлісу