Музыка пәндеріне жататындар:

  • музыкалық-теориялық цикл;
  • халық музыкалық шығармашылығы және музыка әдебиеті;
  • музыка сауаты;
  • сольфеджио.

Музыка пәндерінің кабинеті оқу-тәжірибелік және техникалық оқу құралдарымен жабдықталған: фортепиано, музыкалық орталық, пернетақталы синтезатор.

Оқу барысында білім алушылар жоғарыда аталған аспаптармен танысады.

Синтезаторларды білім алушылар    дұрыс және үйлесімді   әуен сүйемелдеуінде  және т.б. кезде  қолданады.

«Халық музыкалық шығармашылығы және музыка әдебиеті» сабағында музыкалық орталық шығармаларды тыңдап, оған талдау жасағанда пайдаланылады.

Сольфеджио сабағында синтезатор мен фортепиано білім алушылардың қарапайым музыкалық техникалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Білім алушылардың назарын аудару үшін оқытудың түрлі әдістері жүзеге асырылады: интонациялық жаттығуларды әндету, есту қабілетін тексеру, парақтан оқу, диктант жазу, фортепианоның  түрлі дыбыстарынан әуен шығару.

Кабинетте оқытушылар мен білім алушылар үшін  музыка сауаты бойынша тақырыптық  қабырға ақпараттары мен жиһаздар орналастырылған.

Бөлісу