Құрметті талапкерлер, негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін шығармашылық мамандықтарға ТжКОББ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру) ұйымдарына оқуға түсу үшін өтініш электрондық үкіметтің бірыңғай порталы арқылы ғана жүзеге асырылуы қажет. Өтініш беру үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі болуы керек.
Электрондық құжат нысанындағы өтінішті талапкердің өзі немесе ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) бірі бере алады. Көрсетілетін қызметті алушы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Қолданбалы бакалавриатқа, сырттай оқу бөліміне түсушілер үшін көрсетілетін қызметті алушы ТжКОББ ұйымына (колледжге) жүгінеді.
Ескерту: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдың «жеке кабинеті» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Бөлісу