Жыл сайын 1 наурыз Қазақстанда Алғыс айту күні ретінде атап өтіледі. Бұл барлық қазақстандықтар жақындарына мейірімділік, достық және сүйіспеншілік танытатын күн. Осы тамаша күнге орай Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Киім дизайны» біліктілігінің 3 курс студенттері «Жаншуақ» еріктілер клубымен бірлесе отырып, колледж білім алушыларының денсаулығына қамқорлық білдіріп, өздері тіккен бетперделерді табыстады.

Бөлісу