2021 жылдың 23 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Негізгі міндеті: педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру, жаңа технологияларды, оқыту әдістері мен құралдарын пайдалану және жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Келесі сұрақтар қарастырылды: «CLIL әдістемесі: пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту» тақырыбы бойынша педагог-зерттеуші, ағылшын тілі оқытушысы Шапенова Гаухар Кабдешевна сөз сөйледі. Оқу бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Қанатқызы Қажымұратова оқу сабақтарының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылау бойынша талдау жүргізді. Оқу үдерісін ақпараттық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және ҰБДБ-ның жағдайы  туралы математика пәнінің оқытушысы Таверхан Ерлан сөз сөйледі.

1 ИД қаз. тобының кураторы З.О. Идрисова, 1 ИД ор.  (бірінші шағын топ) кураторы А.М.Бисарин, 1 ИД (2 шағын топ) кураторы Ж.М.Болатова студенттердің бейімделу үдерісі, дайындық деңгейі, студенттердің эмоционалдық жағдайы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, педагогтарды аттестаттауға, тестілеуге және колледжішілік «Үздік педагог-2022» байқауына дайындық мәселесі бойынша жұмыс талданды.

Барлық сұрақтар бойынша ұсыныстар жасалып, Пәндік комиссия жетекшілеріне жеке тапсырмалар берілді.

Бөлісу