Сәуір айының 26-28 күні аралығында Алматы қаласы
Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиялық колледжі  Қазақтың ұлы жазушысы , драматург , сыншы , қоғам және мемлекет қайраткері Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына арналған IV Халқаралық “Жас-Арт 2022“ фестивальін ұйымдастырған болатын. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Драма тетар әртісі”біліктілігінің  4 курс білім алушылары Қанат Жүнісовтың “Алғашқы Махаббат”спектакльімен қатысты.
Әділқазылар алқасының  шешімі бойынша
Қомар Нұрсұлтан
“Ең үздік ер адам бейнесі“ номинациясын иеленді.
Нұрсұлтанды құттықтай отыра биік-биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.
Бөлісу