2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»  МКҚК

Заңды мекенжайы: Акмола облысы, Көкшетау қаласы,  Жамбыл Жабаев көшесі 140

 

         2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»  МКҚК  7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 

2023 жылы 323 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 8 қызмет;

электрондық үкімет арқылы көрсетілген-4 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -201 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-1110 қызмет.

 

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

 

2022 жылы 447 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 12 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 169 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 263 қызмет;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген – 3 қызмет.

 

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»;

«Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру»;

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

 

  • көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

 

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Басты (aqmoedu.kz) ресми интернет ресурсында орналастырылған,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»  бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат әлеуметтік желілердің ресми беттерінде тұрақты негізде жарияланады. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің, ашық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау интернет-порталда жүзеге асырылады.

        3) мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы әлеуметтік желілерде 2 мақала жарияланып, 7 тікелей эфир өткізілді. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
  • Мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

ТжКБ-дағы «CollegeSmartNation» ақпараттық жүйесі колледждерде оқу үрдісін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтар; оқу жоспарлары, журналдар.

Колледжде техникалық жарақтандыруы нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келетін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

 

  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

 

Мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 5 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы 6 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

 

        1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

При проведении внутреннего контроля качества оказания государственных услуг несоответствий не выявлено. Нарушений сроков оказания государственных услуг и необоснованных отказов не установлено.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған халықты мемлекеттік қызметтер алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы хабардар ету жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары бекітілді.

2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

2 thoughts on “Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-ң көпшіліктің талқылауы үшін 2023 ж. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі”

  1. * * * Apple iPhone 15 Free: https://www.orthopaedicum-lich.de/upload/go.php * * * hs=eae9d2396b5e8ed8f7850145d5666461* says:

    c133o0

  2. * * * Apple iPhone 15 Free * * * hs=eae9d2396b5e8ed8f7850145d5666461* says:

    dyetuk

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Бөлісу