2021 жылғы 01 наурызда «Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК Қамқоршылар кеңесінің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті.  Кеңеске білім басқармасының бас маманы А.С. Магавина, жеке кәсіпкер, колледждің әлеуметтік серіктесі Г. С. Алдабергенова, сондай-ақ ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты.

Бірінші курстан Қамқоршылық кеңестің төрайымы болып Ольга Викторовна Якимено сайланды. Қамқоршылық кеңестің функцияларының бірі  – білім беру ұйымы басшысының есебін тыңдау, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы ұсыну болып табылады. Отырыс барысында колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова кеңес мүшелерінің алдында колледждің 2020 жылғы қызметі мен дамуы туралы есеп берді, сондай-ақ колледждің стратегиялық даму жоспарымен және 2021 жылға арналған міндеттермен таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңестің 2021 жылға арналған міндеттері, құрылымы, жұмыс жоспары айқындалды.

Бөлісу