2018 жылдың 20 ақпанында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына  орай ауған соғыс ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесу Қазақстан Республикасының әнұранының орындалуымен басталып, соғыста қаза болған ауған соғысының жауынгерлерін еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен жалғасын   тапты. Ауған соғысы  ардагерлерінің төрағасы,  полковник, Құрмет  орденінің   иегері Ы.Кәзібайұлы,  ауған соғысының  ардагерлері Ж.Құсайынов пен Ж.Өтебаевтар  қатысып,  ерлік істері жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл шараның мақсаты  – ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, опат болған жауынгерлер рухына тағзым ету, өскелең ұрпақты олардың есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Кездесу барысында ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Колледж студенттері А.Райхан, Д.Сүлейменов, Б.Қайырдосовтар патриоттық тақырыпта жүрек тебірентер әндер орындады. Кездесу соңында ауған соғысының ардагерлері колледждегі «Бауыржан Момышұлы» атындағы әскери-патриоттық клубының мүшелеріне әскери тіркеу куәліктерін табыс етті.

Бөлісу