2019 жылы 11 қазан күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушыларымен Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» МКМ ұйымдастырумен Рухани келісім күніне арналған «Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен ислам»тақырыбында зияткерлік ойын өтті.
Зияткерлік ойынның негізгі мақсаты-патриоттық сезімге,қазақ салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу,Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және одан әрі насихаттау,сондай-ақ білім алушылар арасында дінтану сауаттылығын арттыру.
Ойын алдында топ 3 командаға бөлінді: «Үш батыр», «Лэтта» , «Ислам».
Ойын 3 турдан тұрды: «Блиц турнир», «Портреттер сөйлейді» , «Менің ойыным» Әр турдан кейін қазақ халқының дәстүрі мен әдеп-ғұрпын қамтитын бейнероликтер көрсетіліп,қорытындылары жарияланып отырды. Қызықты да тартымды интеллектуалдық ойын нәтижесінде «Үш батыр» командасы жеңіске қол жеткізді. Әр командаға диплом табысталды.