«Арқа ажары», «Бұқпа», «Көкшетау», «Акмолинская правда», «Степной маяк» сияқты облыстық және қалалық газеттерде «Ерекше бір айтыс өтті», «Көкшеде айтыс өтті айта жүрер», «Бабадан қалған байрағын жырдың көтеріп…» «Сошлись в словесной дуэли», «Молодо, но совсем не зелено» деген тақырыпта мақалалар жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен ақын, әнші, сазгер Ақан серінің 175 жылдығына орай «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жас ақындар айтысына арналған.
«Көптен бері дәл бүгінгідей рухани кештің куәгері болмап едік», – деп бағалады айтыссүйер қауым.