2021 жылғы 15-19 ақпан аралығында «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде» «Білім беру менеджменті» бойынша курс өтті. Курсты жетекші жаттықтырушы, Талдықорған қаласының кәсіби даму және біліктілікті арттыру орталығының директоры Адамбаева Гульбарам Советқалиқызы жүргізді. Курстың алғашқы сәтінен бастап, материалды сапалы игеруге, көзқарасты еркін білдіруге көмектескен риясыз достық ортаны құра алды. Дәрістер жаңа форматтағы барлық педагогикалық технологияларға сай ұйымдастырылды, интерактивті нысандар, пікірталастар, талқылаулар қолданылды.
Гүлбарам Советқалиқызы, кәсіби шеберлігіңіз бен сапалы жұмысыңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз!