Д.И. Менделеев «Оқушылардағы мұғалімнің барлық мақтанышы, ол сепкен тұқымның өсуі», – деп жазды.

Бұл Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің мақтан тұтатын түлектері туралы айтылғандай. Сол түлектердің бірі 2016 жылы колледжді бітіріп, кейін Қазақ ұлттық хореография академиясында білімін жалғастырған,  «Педагог-мәдени демалысты  ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігінің түлегі Сағадиева Аида. Қазір Аида Тоқтарқызы Нұр-Сұлтан қаласының «Терра» би театрында  хореография  оқытушысы және  балет әртісі болып жұмыс істейді. Аида колледжде оқып жүрген кезінде еңбексүйгіштігімен, мақсаткерлігімен ерекшеленді, мамандық алуға ерекше қызығушылық танытты, ал қазір өз оқушыларының пікірі бойынша «тамаша оқытушы», «сезімтал педагог». Аида Тоқтарқызына шығармашылық табыс пен кәсіби жетістік тілейміз! Құрметті түлектер,  сіздердің  жеңістеріңіз бен табыстарыңызға колледж әрдайым қуанып, әрқайсыңызды мақтан тұтады!

Бөлісу