2018 жылдың 17 ақпанында Көкшетау қаласының Білім бөлімі Бейбітшілік  және келісім сарайында «Рухани жаңғыру» – «Үздік буктрейлер» атты жобаны бастады. Буктрейлер – белгілі бір кітап туралы көркем түрде әңгімелейтін қысқа бейнеролик. Бұл бейнероликтердің мақсаты – визуалды құралдар арқылы кітаптарға көңіл аудартып, жарнама жасау және оқуға үгіттеу. Ондай бейнероликтерге классикалық шығармалармен қатар заманауи кітаптар да түсіріледі.

Жобаға шақырылған құрметті қонақтардың қатарында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары Галина Алексеевна Рыбакова және Дмитрий Владимирович Бронников болды. Іс-шарада «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы,  көпшілік театрландырылған қойылымдар режиссері» мамандығы білім алушыларының (1 курс) Антуана де Сент- Экзюперидің танымал «Кішкентай ханзада» шығармасы бойынша дайындаған этюдтары көрсетілді. Жаңа үлгідегі қойылымы қатысушылар, сондай-ақ М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана сарапшылары тарапынан қызығушылық тудырды. Көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында буктрейлер дайындау үшін мәдениет колледжі мен әдебиет саласы мамандары арасында тығыз байланыс орнатылмақ.

Бөлісу