Бүгін “Дүниежүзілік тазалық күні” жыл сайынғы экологиялық акциясы аясында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері “Kieli Tabigat” атты іс-шараға қатысты. Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының ізгі бастамаларын қолдай отырып, 1 және 2 курс студенттері қала тұрғындарымен бірге Қопа көлінің жағалауын тұрмыстық қоқыстардан тазартты.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді, табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді.

Бөлісу