Ақан сері атындағы жоғары мəдениет колледжінде 2021 жылғы 5-ші қараша күні “Əділет” дебат клубының жетекшісі Мұрат Қайырбекұлының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Бұл палата Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы ақталады деп санайды” атты тақырыпта колледжішілік пікірсайыс өтті. Бұл дебатқа үкіметтің саясатын қолдап 2 ТҰЖ студенті Бұғыбай Зарина мен
2 КД студенті Манзал Меруерт жəне оған қарсы оппозиция болып 2 АДТ студенті Серік Аманбол мен 2 ТҰЖ студенті Жаңанұр Серуен қатысты. Дебат өте тартысты болды. Студенттер өздеріне көп мəліметтер мен деректер жинақтаған. Айтқан пікірлері мен ұстанымдарына нақты дəлелдер мен айғақтар келтірді. Дебат соңында сот міндетін атқарған тарих пəнінің оқытушысы Бейсенбайұлы Адай студенттердің өз ойларын жеткізудегі шеберліктері мен дайындықтарына жоғары бағасын берді. Бұл пікірсайыстың ерекшелігі – жақтаушылар мен даттаушылар тартыста тең түсті. Қатысушыларға шығармашылық рух, жаңа жетістіктер тілейміз!