Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы маусым айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хасамбай Кәкім Риянбекұлына 2023 жылғы 24 мамырға дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 329186 (қабылдау бөлімі).