Дені сау ұлт – мемлекет болашағының негізі. Дені сау адамды қалыптастырудың, оның денсаулығын одан әрі сақтаудың міндетті шарты дене шынықтыру және спортпен айналысу болып табылады. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымшылдық, серіктестік сезімдерін тәрбиелеу, өзара көмек көрсету және шығармашылық ойлау мақсатында 12 қарашада Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің жаңа спорт залында 1 курс білім алушыларының арасында “Көңілді старттар” өтті. Сайыс пен эстафетаның қорытындысы бойынша үшінші орынды – 1 БП (ор.) командасы, екінші орынды – 1ХАОЖ және 1 КД командалары, бірінші орынды – 1 ККҰ командасы иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Көңілді жарыстар-2019
Құрылған күні: 2019.11.14 09:56:08