2024 жылғы 15 мамырда Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық бағыттағы ӘБ семинары өтті. Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.
Семинарға облыс колледждерінің шығармашылық пәндер оқытушылары қатысты.
Семинардың мақсаты: Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің теориялық және практикалық құзыреттілігін арттыру; оқытушылардың кәсіби шеберлігін дамыту, заманауи оқу сабағын құруды жетілдіруде заманауи технологияларды пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру; педагогикалық тәжірибе алмасу.
Қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» әдіскері Жаманбаева Қарағөз Мұқышқызы құттықтау сөз сөйледі.
Семинардың пленарлық бөлімінде Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен: колледж әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаев Гүлнар Бүркітбайқызы және «Үрмелі, ұрмалы, ішекті және эстрадалық аспаптар» ПЦК төрағасы Жандәулет Балта Биғазыұлы, сөз сөйледі.
Семинар барысында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің музыкалық пәндер оқытушылары, зерттеуші-педагогтар 3 шеберлік сыныбын өткізді:
- Дукумбаева Шолпан Базаркызы, облыстық филармонияның солисі, ҚР еңбек сіңірген артисі – «Жаңадан бастап жүрген әншілермен вокалды үйренудің принциптері мен әдістері» тақырыбында.
- Бозжігітова Жанна Тұрыспекқызы – «Сольфеджио сабақтарында «Хроматизм» тақырыбымен жұмыс» тақырыбында
- Жұманова Рена Қылышқызы – «Этносольфеджио курсындағы пәнаралық байланыстар» тақырыбында
Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің музыкалық пәндер оқытушылары Тугусаева Елена Викторовна («Хор пәндері мысалында «Музыкалық білім беру» мамандығының болашақ педагогының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында; Задорожный Игорь Анатольевич, Астана қаласында өткен 2021 жылғы 2-ші Халықаралық вокалды-аспаптық музыка байқауының Бас жүлдесі иегері «Педагогикалық колледжде аккордеонда ойнауды үйренудің негізгі әдістері» тақырыбында) өздерінің тәжірибелік оқыту әдістерімен және тәсілдерімен бөлісті.
Жас, келешегі зор маман, Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Домбыра» сыныбы бойынша оқытушысы Балтин Бауыржан Серікұлы
«Халық аспаптарында ойнау техникасын меңгерудегі қиындықтар» тақырыбында сөз сөйледі.
Барлық баяндамалар негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді .
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Семинардың модераторы оқытушы Ильясова Сәуле Ибрайқызы болды.