Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» мамандығының оқытушылары мен білім алушыларының бастамасымен құрылған «EL jastar» жастар экспериментальді театр-лабораториясы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған IV Халықаралық “BALAUSA” экспериментальді спектакльдер фестиваліне қатысты. 2019 жылы 16-21 сәуір аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен фестивальге Қазақстан театрларымен қатар Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстанның кәсіби театр ұжымдары қатысты. «EL jastar» театры көрермендер мен қазылар алқасына «Өзекті сахналық тілді іздегені үшін» номинациясы және Ақтөбе қаласы әкімінің арнайы сыйлығына ие болған А.Баймұхаметовтың “Армандар кемесі” спектаклін ұсынды. Бұл жас ұжым үшін жоғары баға, біз өз шеберліктерін кәсіби деңгейде көрсеткен білім алушыларымыз бен оқытушыларымызды мақтан тұтамыз!
Лайықты бағалау
Құрылған күні: 2019.04.22 11:15:56