Мамыр айының 14-і күні Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу. Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1. Қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу; 2. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу. Байқауға мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен 16 үміткердің арасынан Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің 3 ТҰЖ тобының білім алушысы Маханбетияр Жәнібек бас жүлдеге ие болса, 3 АДТ тобының білім алушылары Жамшитов Бауыржан жүлделі 1-орынмен, Сәбит Ақжол 2-орынмен марапатталды. Жетекшілері – Айтжан Настаева, Жанар Құсайынова, Маржан Бөкешова. Студенттерімізге шығармашылық шабыт пен толағай жеңістер, жетекшілеріне жаңашылдық пен ізденістер тілейміз.

Бөлісу