21 қаңтарда ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, А.С.Пушкин медалінің иегері, Ақмола облыстық орыс драма театрының бұрынғы директоры мен көркемдік жетекшісі, белсенді қоғам қайраткері, ЮНЕСКО істері жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі, «Руханият» партиясы облыстық филиалының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валерий Васильевич Тарасов 70 жасқа толды.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мерейтойлық іс-шараға қатысты. Валерий Васильевич әрдайым оқу орнына, оның ішінде «Драма театры әртісі» мамандығын ашу кезінде қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта Ақмола облыстық орыс драма театрының труппасының 20-ға жуық актері біздің колледждің түлектері болып табылады. Бүгінгі күні әлеуметтік серіктестік аясында колледж бен театр арасындағы өзара байланыс нығая түсуде.
Мерейтой иесін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз!