«Жас ұрпақтың өмірі мен айналасындағы адамдар үшін жауапкершілігін қалай арттыруға болады? Отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған әдеттерді қалыптастыру үшін не қажет?» – осы өзекті мәселелерге күнделікті жұмыста Қазақстан халқы Ассамблеясының  Ақмола облысының филиалындағы басты «анасы» Зере Киікованың басшылығымен Аналар кеңесі жауап табуға тырысуда.

Бұл жолы Зере Еспайқызы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттерін («Драма театр актеры», «Театр ұжымының жетекшісі») Көкшетау қалалық қоғамдық келісім сарайына «Жазығым не менің, мама?» қойылымын көрсетуге шақырды. Жоғарыда аталған оқу орнының «Актерлік шеберлік» пәнінің оқытушысы, Ш. Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Маржан Букешованың айтуы бойынша Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының белгілі режиссері, актері, оқытушысы, доценті Тасболат Омаров оңтүстік астанадан арнайы қойылымға шақырылды. Қойылымға шынайы оқиғалар, деректі фактілер негіз болды.

Қойылым Көкшетау қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары – жас көрермендерді  бей-жай қалдырмады. Болашақ актерлер тастанды және туылмаған балалардың сезімін, олардың психикалық азаптарын толығымен шебер жеткізе алды. Кейбіреулер оларды құрсақта алып тастап, кейбіреулерін перзентханада тастап кеткен. Әр түрлі себептермен өз балаларынан бас тартқан аналар өз әрекеттерін түсіндірмек болады…

Қойылым сәтті өтті. Көрермендер әртістерге ұзақ қошемет көрсетті. Көрермендердің кейбірі көздеріне еріксіз жас алды. Осы күні дарынды өнерді тамашалаған оқушылар тұрақты отбасылық құндылықтарды, рухани байлық пен адами қасиеттерді бағалайтынына сенгіміз келеді.

Бөлісу