2025 жылғы 30 мамырда «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату жөніндегі облыстық конкурстың қорытындысын шығару туралы» Ақмола облысы білім басқармасының «әдістемелік орталығының» 11.02.2025 жылғы № 129 хаты және 13.02.2025 жылғы сараптамалық комиссия отырысының № 2 хаттамасы негізінде  Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК базасында директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары, педагог – зерттеуші, химия және биология оқытушысы Ақтаева Ақмарал Ермекқызының  және демалыстану  пәндерінің оқытушысы, педагог – зерттеуші Бронников Дмитрий Влалимировичтің педагогикалық тәжірибесін тарату бойынша облыстық семинар өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі міндеті-педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.  А. Е. Ақтаева  «Оқу – әдістемелік бірлестік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі тиімділік факторы ретінде» тақырыбы бойынша, оқытушы Д.В Бронников. – «Шығармашылық пәндерді оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану : on-line – ден off-line-ге дейін» тақырыбы бойынша жалпылаудан өтті. Оқытушылардың баяндамаларында жеке тақырыптардың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды.

Семинар жұмысына директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директордың ОӘБ жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, Щучинск қаласы, Жоғары  педагогикалық колледжінің, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм  колледжінің, Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінің, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің және  Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жас педагогтары қатысты. Семинар жұмысына директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директордың ОӘБ жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, Щучинск қаласы, Жоғары  педагогикалық колледжінің, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм  колледжінің, Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінің, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің және  Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жас педагогтары қатысты.

Педагогикалық тәжірибенің инновациялық аспектілерін тарату бойынша ұжымдардың одан әрі жұмыс жүйесі бойынша педагогикалық тәжірибемен алмасу және практикалық қызметте элементтерді пайдалану туралы, бейіндік тақырыптар бойынша оқытушылардың одан әрі бірлескен жұмысы жөнінде  тілектер айтылды.

Бөлісу