Ақан ері атындағы жоғары мәдениет колледжінің Ұстаздар күніне арналған концерттің өткізілуіне жауапты болуы дәстүрге айналған. 3 қазан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Ұстаздардардың төл мерекесіне арналған үлкен іс-шара өтті. Мектеп формасын киген жоғары сынып оқушылары шарлармен қарсы алған қонақтар қызыл кілемнен өтті. Ғимарат фойесінде балалар суреттерінен тұратын тамаша экспозиция қойылды (Көкшетау қаласының балалар көркемсурет мектебі), «Ұстаздар күні-2018» атты баспасөз-қабырғасы орнатылды, көрермендер залының алдында «Мерекелік көңіл-күй!» театралдық-көркемдік перфоменс жұмыс істеді. Көрермендер залында тақырыптық музыка ойналып, LED-экраннан ұстаздарға бейнеқұттықтаулар көрсетілді. Түрлі-түсті шарлар,. шарфтар, ленталар ұстаған Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері мерекелік слогандармен ұстаздарды қарсы алды. Қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен орындарына жайғасты.
Прологтан кейін қонақтарды облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин құттықтап, облыстың үздік педагогтарын марапаттады.
Концерт барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «The best» тобының орындауында «Озера доброты» әні, колледж білім алушыларының орындауында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Ауылым», «Вальс», «Don t worry» әндері шырқалды. «Жаркын» халықтық би ансамблінің орындауында «Жастар биі» қазақ биі, «Самоцветы» ансамблі «Камаринская» орыс пляскасын және «Авар биін», «Diamond» би ансамблі «Стиляги» заманауи биін, аспаптық квартет Дәулеткерейдің «Түркімен күйін» орындады. Мерекелік концерт «Ұстазым» әнімен аяқталды.