Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі – «Ұстаздар күні». Осынау ерекше күнді атап өту мақсатында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары  ұстаздарға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік кеш шымылдығын колледж директоры Қ.Идрисова ашып, оқытушыларды төл мерекесімен құттықтады. Қызметте белсенділік пен жоғары жетістіктерге жеткені үшін ҚР Білім және Ғылым Министрі Е.Сағадиевтің  алғыс хатымен бос уақытты ұйымдастыру пәнінің оқытушысы Г.Кочетованы марапаттаса, Ақмола облысы білім басқармасы басшысы Т.Жүнісовтің  құрмет грамотасы колледж психологы А.Үмбетоваға табыс етілді.

Мерекелік кеш соңы  студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасымен  жалғасын тапты. Білім алушылар ұстаздарға арнаған ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу