2019 жылдың 29-31 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында өткен «Струнная капель – 2019» Республикалық гитаралық әндер байқауында «Амигос» вокалды-аспаптық ансамблінің әншілері Кубашев Айдан (4 КҚҰ) мен Еділбай Дәурен (3 БП) лауреат атанды. Байқауға қатысқан біздің өнерпаздар  пуэрто-рикандық музыкант Луиса Фонсидің «Despacito» әнін  орындап, көрерменнің ыстық ықыласы мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Сайыс соңында жеңімпаздар кубогы табысталып,  дипломмен  марапатталды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар Сарайының сахнасында өнер көрсету құрметіне ие болды. Жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Бөлісу