Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттермен ғибратты отырыс жасап, тәуелсіздіктің қадірі туралы әңгіме өрбітіп, естеліктер айтып өлеңдер оқылып ән айтылып күй тартылды. Отырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталып жастардың рухын көтеру мақсатында тарихий тұлғалардың өмірінен келтірілді. Колледж директоры Қ.Ғ Идрисова студенттерге жарқын болашақ тілеп, елді жерді сүюкеректігі туралы ізгі тілегімен, кеңесін айтты! Отырыс соңында 1986 жылғы тарихи трагедияның белгісіндей болған Әбиірбек Тінәлиевтың “Желтоқсан-желі” әні орындалды. Құрметті жерлестер, тәуелсіздігіміз мәңгі, баянды болсын.

Бөлісу