Колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға және түлектерді жұмысқа орналастыруды арттыруға мүмкіндік беретін «Жас маман» республикалық жобасы іске асырылып жатқаны баршаға мәлім. «Жас маман» жобасы аясында облысымызда сұранысқа ие 100 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын 11 жетекші колледж анықталған болатын. 2020 жылы облыстың 5 колледжі, 2021 жылы 6 колледжі «Жас маман» жобасына қатысып, жоба аясында заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға қол жеткізуде. Соның ішінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Дизайн (бейіні бойынша)» мамандығының материалдық-техникалық базасы жарақтандырылуда. Осы орайда 2021 жылғы 5 ақпанда колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова бастаған жеті оқытушы «Жас маман» жобасы бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында Жоғары техникалық колледжіне барды. Аталмыш колледж директоры Ақнұр Қабиденқызы Еслямова жылы лебізбен қарсы алып, 4 оқу корпусында орналасқан «Жас маман» жобасы шеңберінде заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу зертханалары және шеберханаларымен таныстырды. Мехатроника, робототехника, дизайн, тігін шеберханасы, ағаш өңдеу, 3D принтерлер және тағы басқа шеберханалар ерекше таңқаларлықтай әсер қалдырды. Жеткен жетістіктерімен бөліскен колледж ұжымына алғысымыз шексіз. Ел болашағын тәрбиелеудегі ұлы жолдарыңызда баршаңызға қажымас қайрат, жасымас жігер тілейміз!

Бөлісу