Қазақстанның сыр ойысы жазығында орналасқан, әсем де көркем ақынға жыр, халқына сыр болған Қызылорда қаласында өткен «Текті сөздің төресі– терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауына еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан іріктелген  жыршы-термешілер қатарына еніп, Ақмола облысынан қатысқан, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 4 курс студенті Әлбосын Таңнұр  2 жүлделі орынды иеленіп, абыройымызды асқақтатты. Жас өркеннің өнері өрге жүзе берсін, алар асулары аласармасын деп тілейміз.

Бөлісу