Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын, әсіресе мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – қазақ тілін дамыту мәселесі үлкен ықыласпен қабылданды. Тіл – халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан халқының үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру мүмкіндігі бар. Елдің әрбір саналы азаматы мемлекеттік тілді білуі қажет, өйткені ұлттың тілін білмей, оның мәдениетін де, тарихын да түсіну мүмкін емес. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Тіл – ұлттың жаны
Құрылған күні: 2021.09.09 11:00:40