Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің  студеттері «Алау групп» балалар мен  жасөспірімдер өнер орталығы ұйымдастырған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты онлайн-шығармашылық байқауына қатысты. Байқау қатысушылардың жас ерекшелігіне сай түрлі топ бойынша жасақталған. Колледждің «Дизайн»  мамандығының 2-курс студенттері  «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша қатысып, ортанғы топ қатысушылары арасында Сейткалиева Алия Бас жүлдені жеңіп алса, Мұхамед Жансая 1-орынға ие болды, ересектер тобы арасында Бас жүлдені  Оспанова Дина иеленді. Жеңімпаздарымызға осындай мүмкіндік берген  «АЛАУ групп» өнер орталығына алғысымызды білдіреміз!

Бөлісу