2018 ж. 27-29 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сараптау комиссиясы болды. Агенттік өз жұмысын аккредиттеу органымен бекітілген сырттай бағалау стандарттарына сәйкес үш күн бойы жүргізді.

Сыртқы сараптау комиссиясы білім беру ұйымына келгенге дейін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша өздік бағалау туралы есептерін зерделеді.

Сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс барысында колледж басшысы Құралай Ғазизқызы Идрисовамен, басшы орынбасарларымен, құрылымдық бөлімдер жетекшілерімен, бөлім меңгерушілерімен, кітапхана меңгерушісімен, әлеуметтік педагогпен, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысымен, медбикемен, білім алушылардың ата-аналарымен, пәндік комиссия төрағаларымен, оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен, ата-аналармен және жұмыс берушілермен кездесті. Комиссия колледждің материалдық-техникалық базасын қарап шықты. Оқытушылар мен білім алушылардың арасында колледждің оқу-тәрбиелік үрдісіне  қанағаттанушылықтарына сауалнама жүргізілді.

Екінші күні сараптау комиссиясы практика базалары: Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрына, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясына, М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға, Қазақ үлгілік кітапханасына және электрондық кітапханаға, Көкшетау қаласының мұражайлары мен мәдениет сарайларына, «Дизайн» бағыты бойынша жарнамалық агенттіктерге барды. Пәндік комиссиялар жұмысын қарап, сабақтарға қатысты.

Үшінші күні Сыртқы сараптау комиссиясы сабақтарға қатысты және колледж әкімшілігімен қорытынды кездесу өткізді.

Бөлісу