2019 жылғы 1 қарашада ұлттық өнердің өрісіне үлес қосып жатқан, өнер мектебі ретіндегі, Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне өңіріміздегі колледждердің тәжірибелі, табысты басшылары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту шеңберінде студенттермен кездесу өткізді. Колледж ұжымы мен студенттері қонақтарды  жаңа оқу ғимаратында қарсы алып, көптен күткен акт залында, кең кітапхана кешеңінде, тренажер мен үлкен спорт залында және хореографиялық залдарда өз өнерлерін көрсетті. Осының барлығы мамандарды даярлау сапасын арттыруға және білім іздеп келген өрендерге үлкен тәлім-тәрбие беретіндігі сөзсіз.  Колледждің шаңырағы биіктеп, шағын отаудың іргесінен үй тігіп, мүмкіндігінің артып, арман – мұратының орындалған қуанышына  ортақтасуға келген арнайы қонақтарымыз шағын хас-шеберліктер мен концерттік нөмірлерден кейін ұстаздар ұжымы мен  студенттерді осындай маңызды оқиғамен құттықтап, тағы да үлкен шығармашылық жеңістер тіледі!

Бөлісу