2021 ж. 27 қыркүйегінде Ақмола облысы Білім басқармасының бастамасымен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары заманауи білім беру контексінде» ғылыми конференциясы өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы конференцияны ашып, педагог қызметкерлерді Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен сәйкес келген Ұстаздар күнімен құттықтады.

Конференцияға қатысқан Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының Президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы конференцияға қатысушыларды құттықтап, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының ағартушылық тарихында қалдырған мұрасы жайлы айтып өтті.

Ғылыми конференцияның спикері ретінде Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кадралиева Гульнар Ануарбеккызы сөз сөйледі.

Конференцияның соңында колледж ұстазы Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

 

Бөлісу